Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруына байланысты Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 28 шілдедегі Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруын үзілді-кесілді батыл айыптайды. Мұндай іс-әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қараларын өрескел бұзушылық болып табылады, бейбітшілікке қауіп төндіреді, сондай-ақ және Шығыс Азия өңірінде және жаһандық ауқымда жағдайды ұшықтырады.

ҚХДР-дың жауапсыз саясаты ядролық қарусызданудың жаһандық процесіне теріс әсер етеді, болашақ ядросыз ғаламшарды қамтамасыз ету жөніндегі ұжымдық күш-жігерге зиян келтіреді. ҚХДР-ды өз халқының қауіпсіздігі мен дамуы, сондай-ақ бүкіл адамзаттың игілігі үшін ядролық менмендіктен бас тартуға табанды түрде шақырамыз.

ҚХДР-дың зымырандық және ядролық бағдарламасының қаупі бүкіл мүдделі тараптарға келіссөздер процесін жедел түрде қайта бастау арқылы өзара тиімді шешімді іздестіру жөніндегі күш-жігерді жандандыруды талап етеді. Қалыптасқан жағдайдан шығу Солтүстік Корея билігінің арандатушылық іс-әрекеттерінен туындаған проблеманы күшпен емес, нақ келіссөздер арқылы шешуге болады деп есептейміз.

Қосылған : 31.07.2017, 09:30, Өзгертілген : 31.07.2017, 09:30