Халықаралық шарттардың күшіне енуі

  1. 2016 жылғы 10 маусымда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  2. 2017 жылғы 29 қарашада Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісім.
  3. 2017 жылғы 1 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімнің 2019 жылғы 28 сәуірде күшіне енетінін хабарлаймыз.
  4. 2019 жылғы 3 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр кешенін газбен жабдықтау туралы келісім.
  5. 2017 жылғы 13 тамызда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  6. 2018 жылғы 15 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама – 2019 жылғы 12 наурызда күшіне енді.
  7. 2018 жылғы 26 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Марокко Корольдігінің Үкiметi арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің 2019 жылғы 10 мамырда күшіне енетінін хабарлаймыз.
  8. 2019 жылғы 27 ақпанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Италия Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» (БҰҰЛУК) операциясы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы техникалық келісімнің 2019 жылғы 27 ақпанда күшіне енгенін хабарлаймыз.
  9. 2017 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім.
Қосылған : 2.04.2019, 17:45, Өзгертілген : 2.05.2019, 12:05