Молдованың консулдық қызмет саласындағы тәжірибесі Қазақстан мен Молдова дипломаттары арасында талқыланды

КИШИНЕВ, 2019 жылғы 16 шілде - ҚР Кишиневтегі Бас консулы Ерлан Мұқашев Молдова Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрлігінің Консулдық қызмет басқармасының басшысы Серджиу Одайникпен кездесті.

Сұхбат барысында екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы консулдық саладағы екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда тараптар Молдова мен ЕО арасында визасыз режимнің тәртібін, шетелдік азаматтарды уақытша тұру орталықтарында ұстау жағдайларын, сондай-ақ шет елдерде Молдова азаматтарының биометриялық паспорттарын электронды түрде рәсімдеу тәжірибесін талқылады.

Тараптар консулдық мәселелерді тұрақты негізінде талқылауға келісті.

Қосылған : 16.07.2019, 11:00, Өзгертілген : 16.07.2019, 11:00