Қазақстан-Германия арасындағы ынтымақтастық Берлинде талқыланды

БЕРЛИН, 2019 жылғы 16 шілде - Қазақстанның Берлиндегі Елшілігінде Елші Дәурен Кәріпов неміс саясаттанушы және журналист Урс Ункауфпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында саяси, экономика және білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстандық дипломат жас неміс ғалымы ұсынған жобаларға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, Қазақстан мен Германия және Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы экономикалық ынтымақтастық тақырыбындағы неміс, саяси, іскерлік және ғылыми орталықтар өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ ү.ж. 9 маусымда Қазақстанда өткен президенттік сайлау нәтижелері тұрғысында екіжақты диалогтың перспективалары бойынша конференцияларын өткізу мәселелері талқыланды. Аталған іс-шаралардың өткізілуі осы жылдың аяғында және келесі жылдың басында Штутгарт пен Берлин қалаларында жоспарланған.

Бұдан басқа, тараптар жұмыс бабында Германияның BWA шағын және орта бизнесінің бірлестігімен әріптестік құруға келісіп, оның аясында Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерін ұсыну бойынша ақпараттық іс-шаралар өткізуі көзделген.

Сонымен қатар Д.Кәріпов қазақстандық талапкерлерге Германияда оқу үшін қажетті жағдайларды қашықтықтан рәсімдеу мүмкіндігін беретін «Expatrio» сандық платформасының жобасына қызығушылық танытты. Дипломат осы платформаны біздің азаматтарымыз үшін кең қол жеткізу үшін Германиядағы Қазақстан консулдығының веб-сайтына орналастыруды ұсынды.


Қосылған : 16.07.2019, 18:00, Өзгертілген : 16.07.2019, 18:00