Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

 

2016 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро төрағасының орынбасары А. Шпекбаевтың қатысуымен «Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және оның ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі орындалуы» тақырыбында жиналыс өтті. Оған Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыс шеңберінде А. Шпекбаев сыбайлас жемқорлық қаупін азайтуға бағытталған қабылданған заңдардың маңыздылығын атап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа ережелерімен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында қатысушыларға ағымдағы жылдан бастап іс жүзінде енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен стандарттар түсіндірілді.

 

 

1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

2. Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2025 жылдарға арналған салалық бағдарлама

3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Call center нөмірі - 1424

 

 

 

Қосылған : 22.08.2014, 21:57, Өзгертілген : 28.07.2016, 16:20