​Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу және қорғау жөніндегі БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Аолаинның Қазақстанға сапары

НҰР-СҰЛТАН - 2019 жылғы 9-17 мамыр аралығында Қазақстан Республикасына Терроризмге қарсы күрестегі адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу және қорғау жөніндегі БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Аолаинның ресми сапары өтті. БҰҰ Арнайы баяндамашысы терроризмге қарсы күресте адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін зерттейтін тәуелсіз сарапшы болып табылады және тиісті ұсынымдар әзірлейді.

Сапардың барысында Ф.Ни Аолаин Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларына барып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, террористік актілері үшін жазасын өтеп жатқан тұлғалармен, сондай-ақ «Жусан» операциясы аясында Сириядан оралған адамдармен кездесті.

Сапардың қорытындысы бойынша Арнайы баяндамашы тиісті ұсынымдар бар Қазақстан Республикасындағы ахуал туралы баяндаманы дайындап, оны 2020 жылғы наурыз айында өтетін Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің 43-ші сессиясының барысында ұсынады.

Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау және көтермелеу саласындағы өз халықаралық міндеттемелерін орындау аясында 2009 жылы БҰҰ-ның барлық арнайы баяндамашыларына адам құқықтарын қорғау саласындағы ахуалды зерттеу үшін тұрақты шақыру жолдағандығын атап өтеміз.

Қосылған : 17.05.2019, 19:00, Өзгертілген : 17.05.2019, 19:00