Малайзияда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

КУАЛА-ЛУМПУР, 2019 жылғы 13 шілде - Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS) бас директорының міндетін атқарушы Ерлан Байдәулеттің жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында Е.Байдәулеттің Малайзияның плантация өнеркәсібі министрі Тереза Кокпен, Ауыл шаруашылығы және аграрлық өнеркәсіп министрлігі Бас хатшысының орынбасары Дато Салим Парланмен, «MATRADE» сыртқы сауданы дамыту корпорациясының бас атқарушы директорымен, Ислам Даму Департаменті бас директорының орынбасарымен (JAKIM), ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институты (MARDI) бас директорының орынбасарымен және «АgroBank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасымен келіссөздер ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, сапар шеңберінде «Crops for the Future (CFF)» жергілікті зерттеу орталығына сапар жасалды. Оның барысында Малайзияның ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын қорғау және дамыту саласындағы заманауи технологиялар туралы презентациясы ұсынылды.

Кездесулер барысында Е.Байдәулет малайзиялық тарапты Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ИЫҰ аясында ашылған ұйымның мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды. Аталмыш ұйым аясындағы ынтымақтастық түрлі бағытты қамтитындығын және жаңа технологияларды енгізу мен инновациялық өзгерістерге, қажетті гуманитарлық және шұғыл көмек көрсетуге, мүше елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауыл шаруашылық ресурстар мен қаржыларды тиімді пайдалануға оң ықпалын тигізетіндігін аса атап өтті. Осыған байланысты, ол ресми Куала-Лумпурды IOFS жұмысына қосылуға шықырды.

Өз кезегінде, малайзиялық тарап агроөндіріс саласында Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық орнатудың басымдылықтарына оң бағасын бере отырып, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әлемдік деңгейде өзекті екендігін, сондай-ақ, өз елінің бұл мәселеге ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Жерігілікті тарапы ұйымның қызметі осы бағытта маңызды қадам болып табылатынын және малайзиялық тараптың осы ұйымның жұмысына үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде, малайзиялық тарап агроөнеркәсіптік саладағы ынтымақтастық перспективаларын оң бағалап, қазақстандық бастаманың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, ұйымның қызметі жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам екенін атап өтті.

Қосылған : 13.07.2019, 17:00, Өзгертілген : 13.07.2019, 18:00