«Leroy Merlin» жетекші француз гипермаркеті өз халықаралық желісін Қазақстанға кеңейтуде

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев «ADEO» тобының ТМД елдері бойынша аймақтық директоры Дэвид Глассонды қабылдады.

Дипломатиялық өкілдігінің басшысы бүкіл әлемге әйгілі француздық «Leroy Merlin» брендінің үйге және құрылысқа арналған тауарлар гипермаркеті желісін дамыту арқылы «ADEO» тобының Қазақстандағы қатысуын кеңейту туралы ниетін қолдады. Алғашқы ритейл сауда орталығы ағымдағы жылғы маусым айының соңында - шілде айының басында Алматыда ашылады. Бүгінгі күнге оңтүстік астанамызда шоу-рум студиясы ашылды және қызметкерлерге арналған тренингтер жүргізілуде. «Бұл оқиғаның маңыздылығы тек осындай танымал бренд біздің елге келетінінде ғана емес. Оның басты мақсаты - қазақстандықтар үшін үш жүзге жуық жаңа жұмыс орындарын құруда», - деп Елші атап өтті.

Өз кезегінде, Д. Глассон «ADEO» компаниясының сегіз жыл ішінде Қазақстанның экономикасына 500 млн. еуроға жуық инвестицияларды салу туралы жоспарларды жарияланып, шетелдік компанияларға қолайлы жағдайлар жасайтыны үшін қазақстандық тарапына алғысын білдірді. Француз тобының стратегиясы еліміздің басқа қалаларында, оның ішінде Астана мен Шымкентте, «Leroy Merlin» гипермаркеттерінің ашылуын көздейді.

Қазақстандық дипломат осы жобалардың іске асырылуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының құрылыста заманауи материалдарды пайдалану, сондай-ақ оның сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою жөніндегі міндеттері туралы айтылуда.

Бұдан басқа, «ADEO» тобының Қытай және Ресей елдерімен тығыз ынтымақтастығын ескере отырып, Қазақстанның шығысында «Қорғас» көліктік-логистикалық хабын дамыту шеңберінде сауда саласында қосымша ашылатын перспективалар талқыланды.

Қосылған : 8.02.2018, 18:50, Өзгертілген : 8.02.2018, 18:55