Венада ЕҚЫҰ қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өз жұмысын бастауда

Вена, 2017 жыл 7 желтоқсан. Венада Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов қатысатын Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің 24-ші отырысы өз жұмысын бастауда.

6 желтоқсанда отандық дипломатты Аустрия Федералды президенті Александр Ван дер Беллен қабылдады. Бұл оның Қазақстанның ресми тұлғаларымен болған алғаш кездесуі болып табылады. Аустриялық мемлекеттің басшысы – ең алдымен 1997-2008 жылдары Жасылдар партиясының көшбасшысы лауазымындағы белсенді экологиялық қызметімен белгілі болған саясаткер Қазақстанды «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің табысты өтуімен құттықтады.

Аустрия президенті Қазақстанның Сириядағы жанжалды реттеу үдерісіне қосқан зор үлесін және елдің басқа бітімгерлік күш-жігерлерін, әсіресе ядролық қарусыз әлем үшін қозғалысты күшейтудегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті. Тараптар екі елдің халықаралық құрылымдарда, соның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ-да өзара табысты ынтымақтастығын талқылады.

Еуропалық Одақ және Қазақстан бойынша, әсіресе Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік туралы келісім аясындағы кооперацияға ерекше назар аударылды. Аустрия, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясын жүзеге асыруға белсенді қатысуға және транзиттік-көліктік және инфрақұрылымдық жобалар бойынша әріптестікті ары қарай дамытуға дайын.

Сол күні Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде Қ. Әбдірахманов Аустрия-Қазақстан қоғамының басшылығымен, Қазақстанның Аустрия мен Словениядағы құрметті консулдарымен, аустриялық экономикалық ведомстволар мен іскер топтарының өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында және «Рухани жанғыру» мақаласында анықталған Қазақстандағы кешенді реформалар кездесудің басты тақырыбы болды.

Аустрия-Қазақстан қоғамдастығын басқаратын Аустрия Экономикалық палатасының вице-президенті Рихард Шенц өз сөзінде Қазақстанмен табысты қарым-қатынастарды ескере отырып, Аустрияның оларды ары қарай дәйекті дамыту мүддесін, әлеуметтік-экономикалық реформаларға қолдау көрсетуге және шикізаттық салаға инвестицияларды тартуға дайын екенін атап өтті.

Озық технологиялар мен заманауи инновацияларға ие болған аустриялық компаниялар Қазақстандағы нақты жобаларға қатысу мүмкіндігі бар. «ЭКСПО-2017» негізінде құрылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығына, инвестициялық жобаларға және IT-старттардың хабына ерекше назар аударылды.

7-8 желтоқсанда Қ.Әбдірахманов ЕҚЫҰ қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысып, делегациялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізуде.

Қосылған : 7.12.2017, 09:10, Өзгертілген : 7.12.2017, 09:10