Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті.

Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті.

2018 жылы 4 желтоқсанда Нью-Дели қаласының орталығында орналасқан Империал қонақ үйінде өткізілген мерекелік іс-шараға 400-ден астам қонақ, соның ішінде Үндістанның үкіметтік, парламенттік, іскерлік және қоғамдық топтарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен Делидегі дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты.

Кештің қонағы Индия Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Гитеш Сарма болды.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаев еліміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы баяндап, Астананың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларының зор үлесін атап өтті. Елші қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды, сонымен қатар хинди және ағылшын тілдерінде дайындалған брошюралар ұсынды. Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы әңгімелеп, екі елдің перспективалық ынтымақтастығының бағыттарын белгіледі.

Кештің қонақтары Қазақстанның танымал опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның, сондай-ақ «Астана опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожинның әлемдік опера және қазақ фольклорының шеберлік бағдарламасын овациялармен қарсы алды.

Іс-шараның мерекелік атмосферасы қонақтарға ұсынылған қазақ ұлттық тағамдарымен толықтырылды.

Қосылған : 13.12.2018, 09:30, Өзгертілген : 13.12.2018, 09:45