Хорватияның астанасында Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтті


12 желтоқсанда Загреб қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Хорватия Президентінің Әкімшілігі, Үкімет, СІМ, қоғамдық-саяси және іскер топтар, ғылым және мәдениет қайраткерлері, дипломатиялық корпус, қазақстандық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің қатысуымен салтанатты қабылдау өтті.

Мерекелік іс-шараны аша отырып, Хорватиядағы Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан мемлекеттік құрылыста, әртараптандырылған нарықтық экономиканы және бірегей әлеуметтік әлем моделін, тұрақтылық пен этносаралық татулықты құруда елеулі серпіліс жасады.

Елбасының стратегиялық бағыты және Семей полигонының жабылу және ядролық қарудан ерікті бас тарту сияқты үздік табыстар Қазақстанның халықаралық имиджінің өсуін, оның әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан елеулі үлесін қамтамасыз еткенін атап өткен болатын. Бұл елімізді 2017-2018 жылдары БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес құрамына таңдау, Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша халықаралық кездесулерді өткізу және тағы басқа маңызды оқиғалармен расталған.

Үдемелі индустриялық, инновациялық және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларын жүзеге асыру қазақстандық экономиканың әртараптандыруын қамтамасыз етті. Мемлекет басшысымен ұсынылған бес институционалды реформалар және «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен бірдей «100 қадам» Ұлттың жоспары Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының жаңа институционалдық негізін қалыптастырады. Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткізу, «Астана» МҚК, Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкін және басқа да құрылымдарды құру Қазақстанға жаһандық экономикада жаңа рөлге ие болуға, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаһандық институттарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Дипломат қабылдаудың қатысушыларын және қонақтарын екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25-жылдығымен құттықтады. Осыған байланысты, екіжақты қатынастарды дамытуға үлес қосқан Хорватия азаматтарын және қазақстандық отандастарын марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік іс-шаралар аясында Загребтің «Сәуле» балет мектебінің директоры, Хорватия халық театрының прима-балеринасы Сауле Әшімованың жәрдемдесуімен Қазақстан Елшілігі дайындаған концерттік нөмірлердің тұсаукесері өтті. Хорватиялық көрермендер Халықтық театрдың опера дивасы Адела Голатс Риловичтің орындауымен қазақ әндерін, сондай-ақ Халық театрының балет әртісі Ани Горишичтің орындауымен халық билерін ду шапалақпен қарсы алды.

Қосылған : 13.12.2017, 14:55, Өзгертілген : 13.12.2017, 14:55