Ригада латыш тілінде шығарылған Елбасының "Тәуелсіздік дәуірі" кітабының тұсаукесері өтті

РИГА, 2019 жылғы 5 шілде - Қазақстан Республикасының Литва және Латвиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Ригадағы Латвия университетінің кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының латыш тіліндегі басылымының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Латвия Сеймі (Парламент) мен үкіметінің, зиялы шығармашылық және іскер топттардың мүшелері, Латвия университеті мен басқа да жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Тұсаукесер ашылу салтанатында кітапқа және оның мазмұнына Латвия журналистер одағының басшысы, танымал журналист Юрис Пайдерс қысқаша талдау жасады.

Ю.Пайдерс өз талдауында «тарихи публицистика жанрында жазылған кітап, автордың Қазақстанның жаңа тарихы мен оның болашағы туралы көзқарасын қамтып, тәуелсіз мемлекеттің құрылуын оның алғашқы кезеңдерінен бастап баяндайды. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы қауіптерге жауап ретінде қабылданған шешімдердің механизмдері мен логикасын түсіндіріп өтеді», - деді.

Тыңдаушылар Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітабының латыш тілінде жарыққа шығуы екі ел арасындағы қарым-қатынастардың сындарлы дамуының және сенімді ынтымақтасудың жаңа деңгейге көтерілуінің дәлелі болмақ.

Кітап латвиялық кітапханалар, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарға таратылады. Бұдан басқа, Латвияның ірі қалалары Даугавпилс пен Вентспилсте «Тәуелсіздік кезеңі» кітабына арналған ғылыми семинарлар өткізіледі.

Қосылған : 5.07.2019, 18:00, Өзгертілген : 5.07.2019, 18:00