Қазақстандағы президенттік сайлау қарсаңында Мадридте жетекші испандық БАҚ-тармен «дөңгелек үстел» өтті

МАДРИД, 2019 жылғы 10 мамыр –Қазақстандағы президенттік сайлау қарсаңында Мадридте жетекші испандық БАҚ-тармен «дөңгелек үстел» өтті МАДРИД, 2019 жылғы 10 мамыр – Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі , болу елінің жетекші БАҚ-тарымен, «Bracken» ақпараттық компаниясының атқарушы директоры А.Дуланто Скотт, «АВС» жаңалықтар басылымы директорының орынбасары Й.Гомес, «Intereconomía» телеарнасы Экономикалық департаментінің директоры Х.Оркахо, «RTVE» ұлттық телерадиокомпаниясының журналисі П.Карреньо мен «20minutos» басылымының журналисі Э.Ордис және т.б. қатысқан «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» қатысушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамалары және Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері туралы бейнематериал көрсетілді.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов өзінің сөзінде жиналғандарды біздің елдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдай туралы ағымдағы ақпаратпен таныстырып, Президент лауазымына үміткерлерді тіркеу қорытындылары туралы толық мәліметтерді келтіріп, халықаралық байқаушылар мен шетелдік журналистерді тіркеу тәртібі туралы баяндады.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың алдағы сайлауға қатысты көптеген сұрақтарына жауапттардан кейін интерактивті диалог жүргізілді. Оның барысында қазақстандық-испан қарым-қатынастарының мәселелері, атап айтқанда екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары және испан серіктестерімен қазақстандық тарап жағынан пысықталып жатқан нақты жобалар, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды.

28 сәуірде өткен парламенттік сайлаудың қорытындысына және алдағы Еуропарламент пен жергілікті билік органдарына сайлаулардың қарсаңындағы Испанияның ішкі-саяси жағдайына аса көңіл бөлінді. «Дөңгелек үстелдің» әрбір қатысушысына қазіргі Қазақстан және алдағы Мемлекет басшысының сайлауы туралы ақпараттық материалдар табысталды.

Қосылған : 10.05.2019, 14:00, Өзгертілген : 10.05.2019, 14:00