Нью-Йоркте әлемдегі жетекші БАҚ журналистеріне Қазақстандағы президенттік сайлауға дайындық туралы айтылды

НЬЮ-ЙОРК, 2019 жылғы 29 сәуір - Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров әлемдік жетекші БАҚ журналистерімен кездесуде Қазақстан Республикасында өтетін президенттік сайлауға дайындығы туралы атап өтті.

Қ.Омаров Нұрсұлтан Назарбаевтың ел президентінің өкілеттігін тоқтату туралы шешімінің Қазақстан үшін де, бүкіл өңір үшін де тарихи маңыздылығын атап өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаев мойындағанындай, бұл қиын, бірақ Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін көшбасшылардың жаңа ұрпағына биліктің тыныш және бейбіт транзиті үшін қажет шешім еді. Бұл Конституцияға толық сәйкес келді», - деп баса айтты елші.Ол сондай-ақ, мемлекет басшысының өкілеттігін қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев, айқындық үшін,ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен болжамдылығын сақтау үшін кезектентыс сайлауды жариялады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын шешу қажеттігі тұрғысынан ерекше маңызды.

Қ.Омаров 28 сәуірде Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну кезеңінің аяқталғаны туралы айтып, 8 саяси партия мен қоғамдық бірлестіктер қажетті құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсырғаны туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Бас консулдығындағы сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндігі болады.

Журналистермен кездесу барысында Қ.Омаров Астана процесінің шеңберінде Сирия бойынша 12-ші халықаралық кездесудің негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ Алматыдағы БҰҰ-ның мекемелерін БҰҰ-ның жаңа ғимаратына көшіру туралы хабарлады. Осы ғимараттың негізінде Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің Тұрақты даму мақсаттарын модельдеу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы өңіраралық орталық құруды көздеп отыр. Бұл бастама Ұйымның даму жүйесін нығайту жөніндегі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің реформасына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, Қ. Омаров шетелдік журналистерге 27-31 мамырда Нұр-Сұлтанда, Орталық Азияда алғаш рет өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының 5-ші халықаралық бітімгершілік симпозиумына дайындық туралы хабардар етті. «Бітімгершілік саласындағы жаңа технологиялар» тақырыбындағы симпозиумға БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының басшылары мен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Атул Кхаре қатысады.

Қазақстанның елшісімен БҰҰ жанында аккредиттелген келесі ақпараттық агенттіктер, газеттер мен телеарналар журналистері қатысты: Reuters (Біріккен Корольдік), Associated Press (АҚШ), Agence France Press (Франция), Huffington Post (АҚШ), Anadolu (Түркия), РИА Новости (Ресей), «ТАСС» (Ресей), American Television (АҚШ), Asharq Al-Awsat (араб халықаралық газеті), «Astana Times» (Қазақстан), «Nam New Network» (Малайзия).

Қосылған : 30.04.2019, 19:00, Өзгертілген : 30.04.2019, 19:00