Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Индонезиядағы Елшісінің брифинг өтті

АСТАНА, 12 қыркүйек 2017 жыл - Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Елшісі Асхат Оразбайдың брифингі өтті.

Брифинг барысында отандық дипломат Қазақстан-Индонезия қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен болашақ дамуы жайында әңгімелеп берді. ҚР сыртқы саясатындағы азиялық векторды күшейту аясында Қазақстан Индонезиямен ұзақ мерзімді және өзаратиімді сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда мүдделі екендігі аталды.

Елші екіжақты қатынастардың дамуы кезінде екі ел арасында сенімге негізделген достық қатынастар қалыптасқандығын атап өтті. 2012 жылы Жакартаға және 2013 жылы Астанаға жасалған мемлекеттік сапарлардың барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойоно арасында жасалған жоғарғы деңгейдегі уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықтың дамуын ынталандыруға үлес қосты.

Сонымен бірге 8-12 қыркүйек аралығында Ғылым және технология жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымының бірінші саммиті шеңберінде өткен Индонезияның Вице-Президенті Юсуф Калланың Астанаға сапары және оның аясында орын алған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу қазақстандық-индонезиялық қатынастардың бұдан әрі дамуына жаңа серпін бергендігі аталып өтті.

Брифинг барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылып кетті. Елші тауар айналымның құрамы, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі компаниялар, сондай-ақ Индонезия нарығындағы қазақстандық өнімдері үшін экспорттық мүмкіншіліктержөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Одан бөлек А. Оразбай қос елдің саяси, мәдени-гуманитарлық, ғылыми және әскери-техникалық, сондай-ақ туристік салаларындағы ынтымақтастығы соңғы уақытта жанданғанын ескеріп өтті.

2017 жылғы маусым айында Жакарта қаласында Қазақстан Республикасы мен Индонезия Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізіліп, оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы әрекеттестігі талқыланды.

Брифингтің соңында А. Оразбай БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Қосылған : 12.09.2017, 18:25, Өзгертілген : 12.09.2017, 18:25