Қазақстанның СІМ-де БҰҰ қарусыздану саласы бағдарламасының стипендиаттарын қарсы алды

АСТАНА, 2017 жылғы 21 қыркүйек -Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, сыртқы саяси ведомствоны қолдауымен ұйымдастырылған үш күндік сапар аясында Қазақстанға келген, БҰҰ-ның қарусыздану саласындағы бағдарламасы стипендиаттарымен кездесу өткізді. Делегация құрамына әлемнің 27 елі атынан, 35 жасқа дейінгі дипломаттар енген.

Кездесу барысында Р. Василенко қатысушыларды, 2017 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен ғаламдық қауіпсіздікті нығайту саласындағы, сондай-ақ өзге де халықаралық іс-шаралар барысындағы бастамалары туралы жан-жақты хабарландырды. Қазақстандық дипломат бейбіт атомды дамытуға және ядролық таратпау режимін нығайтуға мүмкіндік жасауға шақырған, АЭХА-ның тұңғыш Төмен байытылған уран банкін еліміз аумағында ашылуының тарихи маңызын атап өтті. Отандық дипломат сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының Кеңес мүшелеріне 2017 жылғы 10 қаңтардағы саяси мәлімдемесінде айтылған, Астананың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтарын түсіндіруге айрықша назар аударды.

Стипендиаттар сондай-ақ, ядролық қаруды сынаудың қатері мен зардаптары туралы әлемдік қауымдастықтың хабардар болуын арттыру үшін, 2012 жылы Қазақстан Президенті бастамашы болған, АТОМ жобасы туралы хабарды қызығушылықпен қабылдады. Р. Василенко стипендиаттарды ядролық қарудан бас тарту туралы әлем көшбасшыларына арналған Жобаның онлайн-петициясына қол қоюға шақырды, сондай-ақ олардың көптеген сұрақтарына жауаптар қайтарды.

Қарусыздану жөніндегі стипендия бағдарламасын Бас Ассамблея 1978 жылы дүниеге әкелді және алдына мүше-мемлекеттердің лауазымды тұлғалары, олардың алдағы кезеңде ядролық қарусыздану мәселелері бойынша халықаралық пікірталастарға және келіссөздік форумдарға пәрменді қатысу әлеуетін әзірлеуді және дамытуды қамтамасыз ету мақсатын қояды.

Стипендиаттардың Қазақстанды аралау бағдарламасына, сондай-ақ, Курчатов қаласында, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында, Ұлттық ядролық орталықта болу кіреді. Стипендиаттар сондай-ақ, Семей қаласында болып жәдігерлермен танысады және Полковничий аралындағы «Өлімнен де күшті» монументіне барады.

Қосылған : 21.09.2017, 19:00, Өзгертілген : 21.09.2017, 19:00