ИСЛАМАБАД, 2018 жылғы 30 қараша - Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің бастамасымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша Семинар өткізіліп, оған Пәкістанның ресми мекемелерінің, іскер топтары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Б.Садықов өзінің алғы сөзінде қос ел арасындағы екіжақты сауда-экономикалық, көліктік және инвестициялық ынтымақтастықты жоғарылатудың маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, дәрі-дәрмек шығару, өңдеуші өндіріс және т.б. тәрізді салалардағы негізгі перспективаларды белгілеп берді.
Сондай-ақ, Барлыбай Садықов Қазақстан ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан экономикасын дамыту («Нұрлы жол», индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жөніндегі бастамаларымен таныстырды.
Семинарға Құрметті қонақ ретінде қатысқан Пәкістан министрлер кабинетінің жанындағы Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы – мемлекеттік министр Харун Шариф, екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты жоғарылатудың және қазақстан мен пәкістан бизнес мектептерінің өзара тәжірибе алмасуының, сондай-ақ, қос елдің қаржылық институттары арасындағы нақты ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Х. Шариф, іскер топтардың байланысын нығайтып, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың белсенділігін ынталандыратын Қазақстан мен Пәкістан арасында бірнеше инвестициялық мегажобаларды іске асырудың ықтималдығын пысықтауды ұсынды.
Бизнес Форум барысында Қазақстанның сауда-экономикалық, туристік және инвестициялық мүмкіндіктері паш етіліп, екіжақты сауда мен көліктік қатынастың қазіргі ахуалы һәм ҚР мен ПИР-дің осы саладағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Семинар қатысушылары, ҚР мен ПИР арасындағы тікелей әуе байланысын ашу, бірлескен сауда көрмелері мен роуд-шоуларды өткізу, бірлескен өндірістерді ашу, тәжірибе алмасу мен Қазақстан және Пәкістандағы, соның ішінде «Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі» жобасының аясында, болашағынан зор үміт күттіретін жобалар мәселелерін көтерді.