​Ұлы Жеңіс күні Брюссельде кеңес жауынгерлері мен бельгиялық Қарсыласу солдаттарын еске алды

БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығының күнінде, Бельгиядағы Қазақстан Елшілігі Бельгияны азат етуде қаза тапқан Кеңес жауынгерлерінің және Брюссельдегі Қарсыласу қозғалысының қатысушыларына ескерткіштерге гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.

Еске алу рәсімі Эвер коммунасындағы Брюссель зиратында өтті. Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, АҚШ, Куба, Венгрия, Моңғолия, Сербия және басқа да бірқатар елдердің елшілері мен елшіліктерінің қызметкерлері, сондай-ақ Брюссель қаласы әкімшілігінің, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бельгияның бүкіл аумағы бойынша 46 зиратта 320 кеңестік азамат жерленді, негізінен әскери тұтқындар, олар соғыс уақытында Валлонияның көмір шахталарында жұмыс істеу үшін шығарылды. Олардың көпшілігі тұтқыннан қашып, бельгиялық Қарсыласуға қосылды. Осылайша Қарсыласудың «Отан үшін» атты кеңестік бригадасы Қызыл Армияның подполковнигі Константин Шукшинның басшылығымен 1944 жылғы 14 қыркүйекте Брей бельгиялық қаласын азат етті.

Қосылған : 9.05.2019, 16:25, Өзгертілген : 9.05.2019, 16:25