Астанада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жоятын қаруды (ЖҚҚ) таратпау мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті

АСТАНА, 2018 жылғы 7 қыркүйек - Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті 15-отырысы өткізілді.

Комиссия қызметінің мақсаты – ҚР мемлекеттік органдарының ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы біздің халықаралық міндеттерімізді сақтау және Мемлекет басшысының бұл саладағы жаһандық бастамаларын іске асыру бойынша жұмысын үйлестіру.

Комиссия отырысының назарында елдің ядролық және биологиялық қауіпсіздігінің нығайту, сондай-ақ экспорттық бақылау жүйесімен халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимылдыкүшейту мәселелері болды.

ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ү.ж. қаңтардағы төрағалығы мен Дүниежүзілік ұйымның негізгі органдарының біріндегі қазіргі қызметініңқорытындылары шығарылды. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы отырыстың қатысушыларына әлемде кеңінен талқыланған, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 18 қаңтарда «ЖҚҚ таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы БҰҰ ҚК-дегі отырысында сөйлеген тарихи сөзі туралы еске салды.

Комиссия отырысына қатысқан министрліктер мен ведомстволардың басшылары өткен кезеңде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Қосылған : 10.09.2018, 17:20, Өзгертілген : 10.09.2018, 17:20