Алматыда БҰҰ бизнес-семинары өтуде

АЛМАТЫ, 2019 жылғы 29 мамыр - Еліміздің оңтүстік астанасында қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер үшін Біріккен Қлттар Ұымының екі күндік бизнес-семинары басталды. Іс-шара алғаш рет Қазақстан аумағында өткізіліп, БҰҰ Хатшылығының сатып алу бөлімімен бірлесіп ҚР Сыртқы істер министрлігі және Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен ұйымдастырылуда.

Бизнес-семинарға 150-ден астам отандық компаниялар қатысуда. Олар үшін Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа сөз сөйледі.

Бизнес-семинар бағдарламасы өнімдер мен қызметтердің жеткізушілерін тіркеу шарттары, қойылатын өлшемдер, сондай-ақ БҰҰ тендерлеріне қатысу рәсімдері мәселелерін қамтиды. БҰҰ жыл сайын 17 млрд. АҚШ долларына түрлі тауарлар мен қызметтерді сатып алады.

Бұл іс-шараны өткізудің арқасында қазақстандық компаниялар алғашқылардың ішінен БҰҰ үшін отандық өнімдер мен қызметтерді жеткізу тетіктерімен танысуға жақсы мүмкіндік алады. Алматы қаласына арнайы семинар өткізу үшін Нью-Йорктен БҰҰ Хатшылығы сатып алу бөлімінің, Копенгагеннен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Нұр-Сұлтаннан БҰҰ Даму Бағдарламасының қызметкерлері (БҰҰДБ) қатысуда. ЮНИСЕФ БҰҰ-ның барлық мекемелері арасында әлемдегі тауарлар мен қызметтерді ең ірі сатып алушысы, ал Қазақстанда орналасқан БҰҰ Даму Бағдарламасы еліміздегі ең ірі сатып алушы болып табылады.

Аталған бизнес-семинарлар БҰҰ-ға жеткізушілердің деректер базасын әртараптандыруға және жаңа әлеуетті жеткізушілермен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Бизнес-семинардың екінші күні аясында қазақстандық компаниялар БҰҰ Хатшылығы, ЮНИСЕФ және БҰҰДБ өкілдерімен 15 минуттық жеке кездесуге жазылу мүмкіндігіне ие болады.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жақында пайдалануға берілген БҰҰ-ның Алматыдағы жаңа ғимаратының конференц-залында өтуде.

31 мамырда Нұр-Сұлтан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғимаратында отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнімдерін жеткізушілерге арналған БҰҰ бизнес-семинарының жеке сегменті өтеді.

БҰҰ-ның Бітімгершілер күніне орай бейбітшілікті қолдау жөніндегі БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Жан-Пьер Лакруа БҰҰ-ның Алматыдағы жаңа ғимаратына барып, Қазақстанда тұңғыш рет БҰҰ-ның сатып алу бойынша бизнес-семинарында құттықтау сөз сөйледі. Ж.Лакруа Алматыдағы БҰҰ жаңа кеңсесіне барған Дүниежүзілік ұйымның жоғарғы басшылығының алғашқы өкілі болды.

Қосылған : 29.05.2019, 17:00, Өзгертілген : 29.05.2019, 17:00