Алматының балалар хоры Испанияда өнер көрсетті

МАДРИД - Елорда күніне және Қазақстан Республикасының «Бала құқықтарын қорғау туралы конвенцияны» ратификациялауының 25 жылдығына орай Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінде және Барселона Консерваториясында Алматыдан келген «Елім-ай» балалар хорының концерттері өтті.

Біздің еліміздегі үздік музыкалық балалар ұжымдарының бірі Парижде, Прагада, Хельсинкиде, Анкарада, Берлинде және Санкт-Петербургте өткен көптеген айтулы халықаралық конкурстардың лауреаты болып табылады.

Испанияға сапар барысында қазақстандық шығармашылық ұжымы қазақ, орыс және шетел классиктерінің шығармаларын орындады. Елшілік қолдауымен ұйымдастырылған концерттер испандық көрермендерге көптеген жағымды эмоцияларды сыйлай отырып, бір демде өтті.

Концерттерге болу елдің әлеуметтік ұйымдары мен дипломатиялық корпус өкілдері, асырап алынған қазақ балалары бар испан отбасылары, Мадрид және Барселона қалаларының тұрғындары, сондай-ақ осында тұрып жатқан қазақстандықтар қатысты.

Қосылған : 7.07.2019, 12:00, Өзгертілген : 7.07.2019, 12:00