«Оқжетпес-2008» және «Каспий» футбол командаларының жас ойыншылары Хорватияның Сплит қаласында өткен «Dalmatinko» халықаралық жарысына қатысты

2-6 мамыр аралығында Құрметті консулдықтың және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өкілдігі ашылуына орай хорват елінің Сплит қаласында «Dalmatinko» атты жарыс өтті, аталған сайысқа әлемнің 10 елінен 144 жас команда қатысты.

Жас футболшылар сайысқа екі топта: 2007-2008 жылы дүниеге келгендер болып қатысты. 2007 жас аралық тобында «Каспий» (Ақтау) Сплит қаласының «Талант» және «Сплит» командаларымен, Сербтық «Маеводня» және Черногориялық «Брежевицамен» кездесті. «Каспий» командасы алғашқы екі командаға жеңісті беріп, Сербтық командамен тең түсіп, Брежевицаны 1:0 есебімен ұтты. Өз кезегінде «Оқжетпес» командасы 2008 жылы туылғандар тобында 1/8 финалына дейін жетіп, Америкалық «Лос-Анджелесті» тізе бүктіріп, Португалиялық Академикамен тең түсіп және Гурник Зажбеден (Полша) ұтылды. 1/8 финалында «Оқжетпес» хорваттық «Солин» командасына есе жіберді.

Сонымен қатар, Отандық жас спортшылар үшін бұл алғашқы Еуропалық тәжірибе болды. Жарысқа қатысушыларға Адриат теңізі жағалауына туристтік саяхат ұйымдастырылып, қаланың тарихи-мәдени орындарына экскурсия жүргізілді, сондай-ақ Хорватияның ең жүлделі футбол клубы «Хайдук» (Сплит) стадионына барып қайтты. Жалпы алғанда іс-шара биік деңгейде болып өтті, Қазақстандық командалар өздерінің биік деңгейлі дайындығын көрсетті.

Жарысқа қатысу «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының тәуелсіз серіктесі Ивица Пирич және Қазақстан Құрметті консулы Матео Трамонтананың көмегімен болды. Жарыстың жабылу салтанатында қатысушыларға арнап Қазақстанның Хорватиядағы елшісі Төлежан Барлыбаев сөз сөйледі.

Қосылған : 8.05.2019, 15:45, Өзгертілген : 8.05.2019, 15:45