Украинада өткен парламенттік сайлауға қатысты ҚР СІМ мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы ү.ж. 26 қазан күні Украина Жоғарғы Радасына өткен сайлауды қолдайды.

Жаңа парламентті құру – жалпыұлттық татулыққа, қоғамдағы тұрақтылыққа, Украина халқының мүддесіне сай келетін тиісті реформаларды өткізуге жол беретін маңызды қадам.

Біздің елдерімізді тарихи қалыптасқан өзара сенімділік пен түсіністік негізінде қаланған достық және әріптестік қарым-қатынастар байланыстырады. Біз украиндық азаматтардың таңдауына құрметпен қараймыз және Украина мен әлемдік қауымдастықтың саяси тұрақтылықты, қоғамды біріктірудегі және елдің дәйекті түрде дамуын қамтамасыз етудегі күш-жігеріне қолдау көрсететін боламыз.

Бейнематериалды қарау

Қосылған : 28.10.2014, 17:05, Өзгертілген : 28.10.2014, 17:05