ТүркПА

2008 жылғы 21 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) құрылды және оның мүшелері болып Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және табылады.

Ұйымның ресми тілдері болып мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдері және қосымша тіл ретінде ағылшын тілі болып саналады.

ТүркПА шеңберінде Баку қаласында орналасқан хатшылық құрылып, Бас хатшы болып Ж.Асанов табылады.

ТүркПА құрамына 4 тұрақты комиссия жұмыс істейді: құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар бойынша комиссия; әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссия; экономикалық ынтымақтастық бойынша комиссия; қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар бойынша комиссия.

2015 жылғы 4 желтоқсанда Астана қаласында ТүркПА-ның кезекті 6-шы отырысы өтті.

Қосылған : 4.12.2013, 19:37, Өзгертілген : 12.08.2014, 20:01