Қазақстан ЭЫҰ Өңірлік жоспарлау кеңесінің 30-шы отырысына қатысуда

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі – Экономикалық ынтымақтастық ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Асхат Оразбай Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Өңірлік жоспарлау кеңесінің 30-шы отырысына қатысуда.

Отырыстың күн тәртібі сауда мен инвестиция, көлік пен коммуникация, энергетика мен қоршаған орта, ауыл шаруашылығы мен өндіріс, туризм, адами ресурстар мен тұрақты даму, сот пен парламенттік үйлестіру, ЭЫҰ халықаралық қатынасы мен өңірлік институттары/арнайы агенттіктері/ЭЫҰ-ның үлестес органдары салаларына қатысты мәселелерді қамтыған.

Өз сөзінде ҚР Елшісі ЭЫҰ-ны жобаға бағдарланған ұйымға айналдыру жолындағы отырыстың маңыздылығын және мүше-елдердің арасында ынтымақтастықты дамыту үшін ЭЫҰ өңірінің әлеуетін атап өтіп, Ұйым аясындағы ықпалдастықтың нәтижелілігін арттыру қажеттігіне мән берді.

Осы орайда, ол Кеңес пен Хатшылықты нақты экономикалық жобаларды іске асыруға, ЭЫҰ шеңберіндегі жобалар мен іс-шараларды жоспарлау сапасын арттыруға, сондай-ақ ЭЫҰ хатшылығының шығыстарын үнемдеуге шақырды.


Қосылған : 14.01.2020, 14:30, Өзгертілген : 14.01.2020, 14:30