«Астана балет» театры Милан қаласында «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасын ұсынды

Милан, 2018 жылғы 9 қыркүйек – Милан қаласында «Астана балет» театры «Ұлы дала мұрасы» атты дивертисмент, сондай-ақ неоклассика стиліндегі бір актілі «Love Fear Loss, «A fuego lento» балеттері қамтылған «Kazakhstan Astana Ballet Gala» бағдарламасын ұсынды.

Іс-шараға Милан өңірі муниципалитеттернің өкілдері, Қазақстанның студенттері мен диаспора, театр өнері мен музыка қайраткерлері, дипломатиялық корпус пен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Қазақстан әртістерінің Италия сахнасында табысты өнер көрсетуі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Италиядағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Қазақстанның балет ұжымы Италия жұртшылығына«Астана Балет Гала» атты мазмұны бірегей концерттік бағдарлама тарту етті. Бағдарламаға ұлттық хореографияның жаңа кескіндегі үздік үлгілерімен қатар, труппа репертуарындағы неоклассикалық миниатюралар енді.

Аталған композициялардың барлығы халық дәстүрлігі, жан-жақтылық және эмоциялық көңіл – күймен ерекшеленеді. Ғажап музыка, қайталанбас көркем бейнелер көрермен көңілін баурап алып, ерекше әсер қалдырды.

Ұлттық тақырыптан бөлек, көрермендер театр репертуарындағы Рикардо Амаранте қойған неоклассикалық спектакльдердің үзінділерін тамашалады. Оның «Love Fear Loss, «A fuego lento» балеттері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қосылған : 10.09.2018, 16:00, Өзгертілген : 10.09.2018, 16:00