Түркияда әскери төңкеріліс әрекетіне орай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 15-нен 16-шы шілдеге қараған түні ұйымдастырылған бауырлас Түрік Республикасындағы әскери төңкеріліс әрекеті туралы ақпаратты үлкен алаңдаушылықпен қабылдады.

Қазақстан демократиялық жолмен сайланған қазіргі Түрік Республикасының Үкіметін нақты қолдайды. Әскери заңсыз әдістермен билік басына келу әрекеті өрескел болып табылады және Түркияға тұрақты дамуы мен гүлденуіне кедергі болады.

Осы оқиға салдарынан құрбандардың болуына орай түрік халқына шынайы көңіл айтамыз.

Қазақстан Республикасы бауырлас Түркияның демократиялық бағытын қолдайды және қалыптасқан ахуалдың одан әрі қантөгіссіз тез арада шешілуіне үміттенеміз.

Қосылған : 16.07.2016, 18:08, Өзгертілген : 16.07.2016, 18:16