​Сыртқы істер министрлігі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Ынтымақтастықтың жол картасын қабылдады

АСТАНА, 2018 жылғы 8 қазан – «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметіне шетелдік әріптестерді белсенді тартудың жолдарын талқылау мақсатында Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовтің кездесуі өтті.

Екі құрылымның басшылығы мен жауапты қызметкерлері АХҚО-ны халықаралық аренада әрі қарай ілгерілету жоспарын және ҚР шет елдердегі мекемелері мен Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпуспен алдағы жылдарға арналған өзара іс-қимыл жасасудың нақты бағыттарын белгіледі.

Қ. Әбдірахманов 2018 жылғы 5 шілдеде өткен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми ашылуынан кейін Орталықтың одан әрі дамуы бойынша жұмыс көлемі мен мақсаттар спектрі айтарлықтай кеңейе түскенін атап өтті. Сыртқы істер министрлігі АХҚО-ның шетелдегі контрәріптестермен байланыстарын орнатуда қажетті қолғабыс көрсетуге, исламдық қаржыландыру, жасыл технологиялар бағыты бойынша, дөңгелек үстелдер, пресс-турлар өткізуде, сондай-ақ шет елдерде оның имиджін ілгерілетуге бағытталған АХҚО-ның күш-жігерлеріне қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге дайын», - деді СІМ басшысы.

Қ. Келімбетов сыртқы саяси ведомствоның АХҚО-ның қалыптасуы кезінде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіре отырып, қазақстандық дипломаттардың Орталықты дамытудағы елеулі рөлін атап өтті. Сонымен қатар, ол кездесуге қатысушыларды АХҚО қызметінің ағымдағы жағдайы, АХҚО биржасын дамыту және басқа да мәселелер бойынша хабардар етті.

Кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар Орталықты дамыту және ілгерілету жөніндегі Сыртқы істер министрлігі мен АХҚО-ның ынтымақтастық Жол картасына қол қоюмен бекітілді. Бұл құжат ақпараттық-имидждік іс-шараларды өткізуді, АХҚО-ның одан әрі дамуы үшін сыртқы саяси ведомствосының барлық құралдарын қолдану арқылы оның халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-әрекеттердің жүзеге асырылуын көздейді.

Атап айтқанда, Жол картасы шеңберінде Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері үшін АХҚО-ның қызметі туралы брифингтер өткізіледі; бірлескен медиа-жоспар әзірленеді; жаңа ғаламдық қатысушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізу қарастырылған. «e-Resident» жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік азаматтарға ЖСН, ЭЦҚ және «АХҚО электронды резиденті» картасын беру үшін шетелдік азаматтарды сәйкестендіру тәртібін бірлесе әзірлеу және оны енгізу жұмыстың бөлек бағыты ретінде белгіленбек. Орталықтың шетелдік қызметкерлерін визалық қамтамасыз ету және олардың Қазақстанда болуын реттеу мәселелері де назардан тыс қалмады.

Сыртқы істер министрінің айтуынша, АХҚО-ны дамыту мәселесі Елордамызды өңірлік қаржы астанасына айналдыру өзінің мәні тұрғысынан аса маңызды болып табылады. Бұл Қазақстанның экономикасы үшін қозғаушы күш болуға жарамды жаңа сала. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтің Жолдауында «бұл алаңды белсенді пайдалану және Қазақстанның барлық мемлекеттік органдары мен компанияларының АХҚО-ның қалыптасуы мен дамуына жердемдесуі қажет» екендігі аталып өтілген.

Қосылған : 9.10.2018, 10:40, Өзгертілген : 9.10.2018, 10:40