Заманауи қазақстандық мәдениет Лондон кітап жәрмеңкесінде таныстырылды

ЛОНДОН, 2019 жылғы 12 наурыз — Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы «Cambridge University Press» баспасы және Қазақстаннын Ұлыбританиядағы Елшілігімен бірлесіп Лондон кітап жәрмеңкесінде ағылшын тіліндегі қазақ әдебиетінің екі антологиясы тұжырымдамасының тұсауын кесті.

Тұсаукесер «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты семинар аясында өтті. Іс-шараға Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов, «Cambridge University Press» баспасының білім беру реформасы жөніндегі директоры Джейн Манн, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Кембридж университетінің білім беру саласындағы инновациялар жөніндегі директоры және білім беру реформасы мен инновациялар тобының жетекшісі профессор Коллин МакЛафлин және ақын, «The High Window» атты поэзия бойынша тоқсан сайынғы басылымның негізін қалаушы және тең авторы Дэвид Кук спикер ретінде қатысты.

Жоспар бойынша алпыс қазақстандық авторлардың шығармаларының антологияларын (30 ақын және 30 проза жазушысы) осы жылғы қыркүйекте әлемге әйгілі «Cambridge University Press» баспасы шығарады.

«Бұл — британдық және батыс қауымын әдебиетіміз арқылы еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттандыруға бағытталған өте маңызды жоба. Дипломат ретінде мен әлемдегі Қазақстанға деген қызығушылықтың тұрақты өсуінә куә болғаныма өте қуаныштымын. Бұл жоба осындай қызығушылықты әрі қарай нығайтатын катализатор болады деп үміттенемін», — деді Е.Ыдырысов.

Қазақстанның ұлттық аударма бюросы антологияны жариялау бойынша «Cambridge University Press» баспасымен бірігіп жұмыс жасауда. Сонымен қатар Испания, Қытай, Мысыр, Ресей және Францияның жетеші баспаларымен антологияны БҰҰ-ның алты ресми тіліне аудару бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының ерекшелігі қазақ мәдениетімен таныстыру үшін шетелдік мәдениеттердің өкілдеріне арнап «терезе» қалыптастыруға бағытталған ұлттық тұжырымдама болып табылады. Қазақ поэзиясы мен прозасының БҰҰ-ның алты тіліне аударылуы Қазақстанның мәдениеті бүкіл әлемге танымал болатынына әкеледі. Ағылшын тілінде сөйлейтін оқырмандар қазақ поэзиясы мен прозасының байлығын түсініп, осы «терезеге» қарап бастағаннан кейін осындай жобаларға сұраныс өсетін болады деген ойдамын», — деді Дж.Манн.

Сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі аспектілерінің бірі болып табылатын «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарияланған оқулықтарды жәрмеңкеге қатысушыларға ұсынды.

Р.Кенжеханұлының айтуынша, әлемде бұл жобаның аналогы жоқ. Бүкіл әлемнің үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылып, қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында баспа және электронды түрде тегін таратылады.

«Brand Book», «АлматыКітап», «Атамұра» және «Мектеп» атты Қазақстанның жетекші баспалары кітап өнімдерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының брендімен безендірілген қазақстандық стендте ұсынды. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз және басқа тілдердегі көркем, ғылыми, тарихи әдебиет, сондай-ақ энциклопедиялар, оқулықтар, сөздіктер және басқа да өнімдер көрмеге келушілер арасында сұранысқа ие болды. Сонымен қатар ірі британдық кітапханалардың өкілдері сөрелерін қазақстандық баспалардың өнімдерімен толтыруға ниет білдірді.

Жәрмеңке 2019 жылғы 14 наурызға дейін «Olympia London» көрме орталығында өтеді.

Лондон кітап жәрмеңкесі әлемдегі кітап өнімдерінің ең ірі көрмелерінің бірі болып табылады. Ол кітап және баспа бизнес саласындағы мамандар үшін жаһандық келіссөздер алаңы болып табылады. Жыл сайын жәрмеңке бүкіл әлемнен 25 мыңнан астам баспа саласындағы мамандарды жинайды. Жәрмеңке 1971 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Қосылған : 13.03.2019, 14:00, Өзгертілген : 13.03.2019, 14:00