Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 1 маусым – Люксембург Ұлы Герцогтігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныды.

1992 ж. 29 маусым – Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2019 ж.  – Қазақстанның Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Айгүл Құспан тағайындалды (Брюссельдегі резиденциямен қоса атқарады).

2016 ж. қыркүйек – Люксембургтың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ж-К.Кнебелер тағайындалды (Мәскеудегі резиденциямен қоса атқарады)

Саяси ынтымақтастық

Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бергі кезеңдерде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Брюссельге 2006 ж. желтоқсандағы жұмыс және 2010 ж. қазандағы ресми сапарлары аясында өткен Люксембург Премьер-министрі Ж.-К.Юнкермен кездесулері, сондай-ақ 2012 ж. мамырдағы ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Люксембургке жұмыс сапары болды.

Сонымен қатар, 2008 ж. маусымда ЛҰГ Премьер-министрі Ж.-К.Юнкердің,
2010 ж. шілде және желтоқсанда ЛҰГ Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Ж.Ассельборнның Қазақстанға сапарлары болып өтті.

2012 ж. 2-3 мамырда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Люксембург Ұлы Герцогтігіне жұмыс сапары өтті. Сапар шеңберінде оның Люксембург Ұлы Герцогі Анримен, Люксембург Премьер-министрі Ж.-К.Юнкермен, Люксембург Парламентінің төрағасы Л.Мозармен және басқа да саяси тұлғалармен кездесулері болды. Сапардың қорытындысы бойынша 6 құжаттарға, оның ішінде 2 үкіметаралық және 4 ведомствоаралық қол қойылды.

2015 ж. 21-23 наурызда ЛҰГ Премьер-министрі К.Бетелльдың Астанаға ресми сапары себепші болды.

2017 ж. 9-10 маусымда ЛҰГ Премьер-министрі Ксавье Беттельдің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапары өтті. Люксембург Премьер-министрі сапар аясында ҚР ПМ Б.Сағынтаевпен, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановпен, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұловпен, Қаржы министрі Б.Сұлтановпен кездесіп, Астана қаласында Люксембургтің Құрметті консулдығын ашу рәсіміне қатысты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2017 ж. қаңтар-желтоқсан айында аралығында сауда айналымының көлемі 3,923 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 135,6 тыс., импорт –3,788 млн.).

2016 ж. тауар айналымының көлемі 18,3 тыс. АҚШ долл.

Люксембургтен Қазақстанға машиналар, электротехникалық құралдар, пластмасса және олардан жасалған өнімдер, көксағыз, резенке-техникалық, текстильді өнімдер, әр түрлі металлдар жіберіледі.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2007 ж. 28-30 қыркүйекте Қазақстан Халық Ассамблеясының өкілдерінен, Парламент Мәжілісінің депутаттарынан, түрлі ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерінен, мемлекеттің бірқатар жетекші ЖОО-ның ректорларынан тұратын ҚР делегациясы Люксембургке сапары өтті. Сапар барысындағы негізгі іс-шаралардың бірі болып П.Вернер атындағы Еуропалық мәдениет институтымен бірлесе ұйымдастырылған «Мәдени әралуандық пен Қазақстандағы ұлтаралық келісім» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің өтуі болып саналады.

Қосылған : 8.09.2014, 12:43, Өзгертілген : 29.05.2019, 17:45