Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер 

1992 ж. 1 маусымда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1996 ж. Берн қаласында Қазақстанның Елшілігі ашылды.

1994 ж. Алматы қаласында Швейцарияның Консулдығы ашылды (1998 ж. Бас консулдыққа айналды).

2008 ж.Астана қаласында Швейцарияның Елшілігі ашылды.

2019 ж. бастап Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бакаев.

2016 ж. 10 қазаннан бастап Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі У.Шмид.

Саяси қарым-қатынастар

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Швейцарияның Федералдық президенттері П.Деламюра1996 ж., Ф.Коттимен1998 және 2003 ж. П.Кушпенмен өткен кездесулері барысында айқындалды.

2003 ж. 19-21 қаңтарда Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың Швейцарияға алғашқы ресми сапары өтті. Елбасы сапар барысында Федералдық Президент П.Кушпенмен келіссөздер өткізіп, Жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

2014 ж. 23 қаңтардаДавоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум шеңберіндеҚР Президенті Н.НазарбаевШвейцария Конфедерациясының Федералдық Президенті, Сыртқы істер федералдық кеңесшісі Д.Буркхальтермен екіжақты кездесу өткізді.

2014 ж. 20 қарашада Швейцарияның Федералдық Президенті және ЕҚЫҰ-ның төрағасы Д.Буркхальтер Орталық Азия бойынша турнесі шеңберінде Астанаға ресми сапармен келді және ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен кездесулер өткізді.

Парламентаралық ынтымақтастық

2012 ж. қыркүйекте екі ел парламентшілері арасында тәжірибе алмасу және заң шығарушы органдар арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында «Қазақстан-Швейцария» парламентаралық ынтымақтастық тобы құрылды.2013 ж. 28 қарашада Берн қаласында Парламентаралық тобының бірінші, 2014 ж. 14 қазанда екінші отырыстары өтті.

«Қазақстан-Швейцария» парламентаралық ынтымақтастық тобының шеңберінде өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізілді.

Көпжақты саяси ынтымақтастық 

Бреттон-Вудттық келісімдер шеңберінде Қазақстанмен Швейцария арасында белсенді ынтымақтастық орнатылды. 2003 жылдан бастап Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Жаһандық экономикалық қор» атты Швейцариялық округ тобының мүшесі.

2016 ж. 12 шілдеде Алматы қаласында Швейцарияның Қаржы министрі У.Маурердің қатысуымен швейцарлық Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банкі шағын тобының отырысы өтті.

Швейцария Қазақстанның 2010 жылыЕҚЫҰ-ға төрағалығын қолдап, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне жан-жақты көмек және қолдау көрсетті. 2013 ж. Швейцария тарапы Қазақстанның 2017-2018 жж.БҰҰ Қауіпсіздік кеңесініңтұрақты емес мүшелігіне2014 ж.- Қазақстанның Еуропа-Азия (ASEM) форумына қосылуын қолдады.

2015 ж. сәуірдеШвейцария Үкіметі Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмеге қатысатының растады. 2016 ж Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум шеңберінде Швейцарияның «ЭКСПО-2017» қатысуы туралы Шартқа қол қойылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясы екіжақты қарым-қатынастардыоданәрікеңейтуге ықпал етеді.

Үкіметаралық комиссиясының Қазақстан тарапынан тең төрағасы Қаржы Вице-министрі Б.Бекетаев, Швейцария тарапынан – Федералдық Кеңесінің сауда келісімдері бойынша уәкілі, Елші Ливия Лёй.

Комиссияның 8-отырысы 2013 ж. 26 қарашада Швейцарияда,9-шы отырысы – 2016 ж.7 маусымда Астанадаөтті.

Екіелдің іскертоптарыарасындағы байланыстардың тиімділігінарттырумақсатында 2012 ж. қазан айында Қазақстан-ШвейцарияІскерліккеңесі құрылды (үйлестіру және консультациялық орган болып табылады).

Іскерліккеңестіңтеңтөрағалары: ҚРПрезидентінің Кеңесшісі В.Школьник және «StadlerRailGroup» компаниясы тобының басшысы П.Шпулер. 2013 ж. сәуір айында Астанада 1-ші отырысы өтті, 2-ші отырысы- 2013 ж. 25 қарашадаШвейцарияда, 3-ші отырысы - 2014 ж. 5-6 желтоқсанда Алматыда өтті. 4-ші отырысын- 2017 ж. Швейцарияда өткізуі жоспарлануда.

ҚР ҰЭМ статистика Комитетінің мәліметі бойынша, 2015 ж. сауда айналымы2,79 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 2,659 млрд. долл., импорт – 129,1 млн. долл.). Осы кезеңімен салыстырғанда 2014 ж. сауда айналымы 40,9% төмендеді.

2016 ж. он айдыңқорытындысыбойынша сауда айналымы 2,512 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 2,427 млрд. долл., импорт - 85 млн. долл.) және 2015 ж. осы кезеңіменсалыстырғанда 6,5% өсті(сауда айналымы - 2,358 млрд. долл., экспорт - 2,255 млрд. долл., импорт - 104 млн. долл.).

Швейцария сауда айналымының көлемібойынша РФ, ҚХР, Италия, Голландия мен Францияданкейінбесіншіорында.

Қазақстан Швейцарияны негізінен энергия тасымалдаушылар, асыл тастар және металдармен қамтамасыз етеді.Швейцария импортыҚазақстанға нақты дәл аспаптар мен оптика, сағаттар, химия өнеркәсібі өнімдеріменжәне фармацевтикамен ұсынылуда.

ҚРҰлттықбанкініңстатистикасы бойынша, 2005 ж. 1 қыркүйектен 2015 ж. дейін Швейцарияның тікелей инвестицияларының көлемі 14,5 млрд. АҚШ долл.құрады. Қазақстанның инвестицияларының көлемі осы мерзім ішінде 802,8 млн. АҚШ долл. құрады.

Қазақстанда 40-қа жуықшвейцариялық компания жұмысістейді.

Швейцарияда орналасқан «MabcoConstructions S. A.» компаниясы Астана қаласынсалуғабелсенді қатысады.

«ZurichAirport» компаниясы Қазақстанның («AirportManagementGroup» БК) 11 әуежайының басқаруына және қауіпсіздік деңгейі мен жұмыс сапасын арттыру үшін бірыңғай стандарттарды енгізуге қатысады.

2014 ж. маусымдаЦюрихтеҚазақстан-Швейцариясаудапалатасы ашылды.

2016 ж. 27 мамырдаЛугано қаласының мэрі М.Боррадори бастаған бизнес делегациясыныңАлматы мен Астана қалаларына сапары өтті. Сапардың қорытындысыбойынша Ынтымақтастықтуралы меморандумғақолқойылды.

2016 ж. 7 мамырда Астана қаласындағы Швейцария Елшілігініңжананда «SwitzerlandGlobalEnterprise» саудаөкілдігі ашылды.

2016 ж. 26-27 қыркүйектеАлматы және Лугано қалаларыарасындаәріптестікті орнату шеңберінде Алматы қаласының әкімінің орынбасары А.Жүнісова бастаған қазақстандықделегациясыныңЛугано қаласына сапарыұйымдастырылды.

2016 ж. 17-21 қазандаЖенева кантонының Экономика және қауіпсіздік министрі П.Модэ бастаған бизнес-делегациясының Астана мен Алматы қалаларында сапары өтті

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Швейцария арасында университеттер, мәдени және ғылыми орталықтар арасында байланыстар белсенді дамуда. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Швейцарияда 70 астам қазақстандық студенттер оқуда.

Швейцария клиникалары мен Астанадағы Медициналық орталықтар арасында байланыстар кеңеюде.Қазақстанның бұрынғы азаматтары мен достарын біріктіретін «Керуен» Қазақстан-Швейцария қауымдастығы (Берн қ., 2012 ж. 1 маусым) және Қазақ мәдениет орталығы (Цюрих қ., 2015 ж. 30 мамыр) құрылды.

2015 ж. 22 мамырда Қазақстан-Швейцария Туризм, мейрамхана және қонақүй бизнесі институты (Алматы технологиялық университеті мен Швейцария Қонақүй және туризм менеджмент институты HTMi негізінде) ашылды.

Швейцарияда тұратын отандастарымен байланыстардынығайту шеңберінде 2016 ж. 20 наурызда Берн қаласында және 2016 ж. 3 сәуірдеЦюрих қаласында жылсайынғы Наурызмерекесі ұйымдастырылды.

Қосылған : 4.12.2013, 12:58, Өзгертілген : 7.10.2019, 11:00