Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1992 жылғы 23 наурызда – Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылғы наурызда – Мажарстанның Қазақстанда Елшілігі ашылды.

1993 жылғы қыркүйекте – Қазақстан Республикасының Мажарстанда Елшілігі ашылды.

2019 жылғы бастап – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдрашов.

2015 жылғы 28 қазаннан бастап – Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Барани

2012 жылғы қыркүйекте – Мажарстанда Қазақстан Республиксының Құрметті Консулдығы ашылды (г.Карцаг). Құрметті Консул – Л.Хорват.

2014 жылғы 7 қарашада– Атырау қаласында Мажарстанның Құрметті Консулдығы ашылды. Құрметті Консул – О.Каршегенов.

2016 жылғы 21 сәуірде– Ақтөбе қаласында Мажарстанның Құрметті Консулдығы ашылды. Құрметті Консул – Д.Сарсенов.

2017 жылғы 28 қаңтарда – Шымкент қаласында Мажарстанның Құрметті Консулдығы ашылды. Құрметті Консул – К.Молдасеитов.

Саяси қатынастар

Екі ел арасындағы қарым-қатынастар саяси тұрғыдан өзара түсінушілік пен сенімдік негізінде дамып келеді.

1994 жылғы желтоқсанда–ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Мажарстанға ресми сапары өтті.

1995 жылғы наурызда –Мажарстанның Премьер-министрі Д.Хортнидің Қазақстанға ресми сапары өтті.

1997 жылғы қарашада – Мажарстан Республикасының Президенті А.Генцаның Қазақстанға ресми сапары өтті.

2005 жылғы мамырда– Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Д.Ахметовтың Мажарстанға Республикасында жұмыс сапары өтті.

2007жылғы қарашада– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Будпештке мемлекеттік сапары өтті.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда – Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммитінің жұмысына Мажарстанның Президенті П.Шмитт қатысты.

2012 жылғы 3-4 мамырда – Мажарстанның Премьер-министрі В.Орбанның Қазақстанға ресми сапары өтті.

2014 жылғы 2-3 маусымда– Қазақстан Республикасының Премьер-Министр К.Мәсімовтің Мажарстанға жасаған ресми іс-сапары аясында «Біріккен ынтымақтастық туралы стратегиялық декларация» қабылданды.

2014 жылғы 17 қазанда – Миланда (Италия) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Мажарстанның Премьер-министр В.Орбанмен екі жақты кездесуі өтті.

2015 жылғы 31 наурыз - 2 сәуірде – Мажарстан Премьер-министрі В.Орбанның Қазақстанға ресми сапары барысында Қазақстан-Мажарстан Стратегиялық Кеңесі құрылды.

2016 жылы 30 наурызда – Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиті шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Мажарстан Премьер-министр В.Орбанмен кездесуі өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің ақпараты бойынша 2017 ж. екіжақты тауар айналымы 156,4 млн. АҚШ долл. құрады.

Қосылған : 8.09.2014, 10:10, Өзгертілген : 7.10.2019, 11:00