Қазақстан Республикасы мен Сан-Марино арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

2004 жылғы 14 сәуірде - Қазақстан Республикасы мен Сан-Марино Республикасы арасында дипломатиялық қарым - қатынастар орнатылды.

2017 жылдан бастап Сергей Нуртаев Қазақстанның Сан-Марино Республикасындағы Елшісі.

Саяси қарым-қатынастар

Қазақстан мен Сан-Марино арасындағы саяси диалог дәйекті түрде дамып келеді.

Сан-Марино Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын іске асыру бойынша көмек көрсетті. Атап айтқанда, Халықаралық істер, Көлік және коммуникация жөніндегі Мемлекеттік хатшысы A.Муларони 2010 ж. 16-17 шілдеде Алматыда өткен ЕҚЫҰ бейресми СІМК-не қатысты. 2010 ж. 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ саммитінде Сан-Мариноны Білім беру, мәдениет, университеттік және жастар саясаты жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Р.Морри өкілдік етті.

2015 ж. 14 қазанда Сан-Маринода 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы уәкілі ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков болып қайтты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сан-Марино экономикасының шағын өлшеміне байланысты, Республиканың сыртқы сауда құрылымындағы Қазақстан Республикасының үлесі әлі де аз - 2015 жылғы екіжақты сауда 1,697 млн. АҚШ долл. құрады. 2016 ж. 10 айға тауар айналымы 801 мың АҚШ долл. құрап отыр (толықтай ҚР-ға келетін импорт есебінен).

Дегенмен, соңғы жылдары екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарының өсуі байқалды.

2014 ж. қазанда Қазақстанда Сан-Маринаның Өнеркәсіп және сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы М.Ардзилли бастаған кәсіпкерлік делегациясы болып қайтты.

2016 ж. ақпанда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында Туризм жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Т.Лонфернини бастаған сан-мариналық делегация барып қайтты.

Қосылған : 17.10.2014, 20:09, Өзгертілген : 26.01.2017, 18:10