Қазақстан Республикасы мен Егеменді Мальта Ордені арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1993 ж. 4 ақпан – Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2013 ж. тамыздан бастап – Мальта Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін Дж.Дебоно атқарып келеді.

2017 жылдан бастап Сергей Нуртаев Қазақстанның Мальта Республикасындағы Елшісі.

Саяси қатынастар

Екі мемлекеттің арасындағы ынтымақтастық, негізінен алғанда, ҚР Италиядағы және Мальтадағы Елшілігінің Мальта Сыртқы істер министрлігімен тұрақты саяси консультациялары арқылы және халықаралық ұйымдар аясындағы байланыстар арқылы жүзеге асып келеді.

СІМ деңгейіндегі кездесулер

2015 ж. 5-6 қарашада Люксембургте өткен АСЕМ СІМК аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Мальта Сыртқы істер министрі Дж.Велламен кездесу өткізді.

Сауда-экономикалық қатынастар

2014 ж. екіжақты тауар айналымы небәрі 7,6 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 6,6 млн., импорт – 1 млн.).

Қазақстандық рафинадталған мыстың кең көлемде Мальтаға экспортталуының арқасында мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 2015 ж. едәуір ұлғайды. Осылайша, 2015 ж. тауар айналымы 592,4 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 591,7 млн., импорт – 0,7 млн.).

2016 ж. 10 айға тауар айналымы 202,411 млн. АҚШ долл. (экспорт – 202,284 млн., импорт – 127 тыс.) құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 59 %-ға аз болып отыр (503,277 млн. долл., соның ішінде экспорт – 502,586 млн., импорт – 691 тыс.).

Қосылған : 9.09.2014, 13:25, Өзгертілген : 27.01.2017, 16:25