Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қатынастар


1995 ж.– Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2014 ж. қазан айында Қазақстанда Солтүстік Македония Елшілігі (Нұр-Сұлтан қ.) ашылды. 2014 жылғы қараша – 2018 қазан аралығында Солтүстік Македония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі И.Псалтиров болды. 2020 ж. 15 қаңтардан бастап Солтүстік Македонияның Қазақстандағы Уақытша және Сенімді өкілі В.Чавкоска. 

2013 ж. қараша – 2019 ж. қыркүйек аралығында ҚР-ның Солтүстік Македония Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Рүстемов болды.

Алматы қ. 2018 ж. қазаннан бастап Солтүстік Македонияның Құрметті Консулдығы жұмыс істейді.

Саяси қатынастар

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қ. өткен ЕҚЫҰ Саммитіне СМРПрезиденті Г.Иванов қатысты.

2012 ж. 1-3 шілдеде СМР Президенті Г.Ивановтың Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапары өтті.

2013 ж. 22-24 мамырда Солтүстік Македония Премьер-министрі Н.Груевски бастаған делегациясы VI Астана экономикалық форумының жұмысына қатысты.

2014 ж. 28 тамызда Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Солтүстік Македония Республикасының Президенті Г.Ивановпен екіжақты кездесуі өтті.

2019 жылғы 21-23 тамыз кезеңінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғ.Нұрдәулетов Скопье қаласына жұмыс сапары болды. Сапар шеңберінде, Ғ.Нұрдәулетов Солтүстік Македония Прокуроры (Мемлекеттік айыптаушы) Л.Йовески және Солтүстік Македония Әділет министрі Р.Дескоскамен кездесті.

2019 жылғы 23-26 қыркүйек кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласына Солтүстік Македония Республикасы Парламентінің Төрағасы Т.Джафери ресми сапармен болды. Сапар шеңберінде Т.Джафери «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында өткен Еуразия елдері парламенттері төрағаларының 4-ші кеңесіне қатысып, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Назарбаевамен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулинмен және ҚР Премьер-Министрі А.Маминмен кездесіп, «М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ» университетінде қазақстандық студенттерге «Парламентік дипломатия» атты тақырыпқа дәріс өткізді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2019 ж. Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы тауар айналымы 2,2 млн. АҚШ долл. құрған.

Қосылған : 8.09.2014, 12:44, Өзгертілген : 22.01.2020, 17:25