Қазақстан Республикасы мен Ирландия арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 жылы 10 сәуірде дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1997 жылғы қазаннан бастап Ирландияның Қазақстандағы мүдделерін Ирландияның Ресей Федерациясындағы Елшілігі атқарады.

1998 жылғы 11 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ирландиядағы мүдделерін Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі атқарады.

2017 жылдан бастап Ерлан Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ирландияда Елші қызметін қоса атқарушы.

2016 жылғы мамырдан бастап Эдриан МакДейд Ирландияның Қазақстан Республикасындағы Елші қызметін қоса атқарушы.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Ирландия ЕҚЫҰ, БҰҰ және т.б. халықаралық ұйымдар шеңберінде тұрақты диалогты қолдап келеді.

2015 жылы 27 мамырда ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің хатшысы Б.Әйтімова жұмыс сапарымен Ирландияға барды. Сенат басшысы П.Беркпен кездесу барысында ол Қазақстанның БҰҰ ҚК 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшелеріне кандидатурасын қолдау туралы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ирландия Президенті М.Хиггинске жазған Жолдауын табыс етті.

2017 жылғы 26 сәуірде Астанада Ирландия Елшісі Э.Макдейд ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенкомен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

ҚР Елшілігінің өкілдері Дублинде жыл сайын өтетін Еске алу ұлттық күніне қатысады. Бұл іс-шара тәуелсіздік үшін соғыс пен бітімгерлік миссияларды көз жұмған ирландықтарға бағышталған.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңінде екіжақты тауар айналымы 119.7 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 360 мың, импорт – 119.3 млн.).

Шетелдік инвестицияларды тарту, бағдарламалық қамтамасыз ету және фармацевтикалық өнімдерді өндіру, экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамыту және инновациялық, IT-парктер құру бойынша әлемде жетекші орын алатын Ирландия Қазақстанда бағдарламаларды жүзеге асыру аясында Қазақстан үшін практикалық қызығушылық тудырады.

Шарт-құқықтық база

2017 жылғы 26 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қол қою салтанаты өтті.

Қосылған : 16.03.2016, 10:32, Өзгертілген : 17.05.2018, 16:05