Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы қатынастар

1992 ж. 10 желтоқсанда – Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасында  дипломаттық қарым-қатынастар  орнатылды.

1995 ж. шілде айында – Вильнюс қаласында Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы, Латвия Республикасындағы және Эстония Республикасындағы біріккен Eлшілігі ашылды.

2004 ж. тамыз айында – Рига қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің консулдық бөлімі жұмысын бастады.

2004 ж. желтоқсан айында – Қазақстан Республикасында Латвия Республикасының Елшілігі ашылды.

2015 ж.  қазаннан бастап – Қазақстан  Республикасындағы Латвия  Республикасының  Төтенше және Өкілетті Елшісі  Юрис Погребнякс қызметін  атқаруда.

2018 ж.  сәуірден бастап – ҚР Қорғаныс министрлігінің Латвия Республикасындағы әскери атташесі қызметін қоса атқарушы (Минск қ., Беларусь) полковник М. Жасұзақов тіркелді. 

2019 ж. шілде айында – Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшілігі ашылды.


Саяси қарым-қатынастар


         Екі ел арасындағы саяси байланыстар жоғары деңгейдегі өзара түсіністік пен оңды даму динамикасымен сипатталады. Әртүрлі деңгейдегі өзара сапарлар тұрақты түрде болып тұрады.

Қазақстан мен Латвия арасындағы бірінші жоғары деңгейдегі ресми кездесу 1994 ж. 18 желтоқсандағы Латвияның Президенті Г.Улманистің Қазақстанға жасаған сапары кезінде өтті.

Екі жақты қарым-қатынастардың елеулі оқиғалары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Латвияға (2006 ж.), ЛР президенттері В.Вике-Фрейберганың (2004 ж.), В.Затлерстің (2008 ж.) және А.Берзиньштің (2013 ж.) Қазақстанға  ресми сапарлары болды.

2010 ж. 1-2 желтоқсандағы Астана қ. өткен ЕҚЫҰ самиттінде латыш делегациясын Латвия Республикасының президенті В.Затлерс басқарды. 

2017 ж. 9-10 маусымда Латвия Республикасының Президенті Р. Вейонистің Қазақстанға жұмыс сапары өтті және ЭКСПО-2017 көрмесінде Латвияның Ұлттық күніне қатысты. 

2017 ж. 29 қыркүйекте Латвияға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің жұмыс сапары өтті. 

Екі елдің парламенттерінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар құрылған.

2016 ж. 9 маусымда Латвия Еуропалық Одақ елдері парламенттері арасында алғашқы болып ҚР-ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. 

Тығыз ынтымақтастық желісі сыртқы саяси ведомстволарм арасында да жүзеге асырылады. ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Латвияда 2000 ж. және 2014 ж. ресми сапарлармен болды. Сімаралық консультациялар желісі жақсы жолға қойылып, үнемі өткізіледі. Соңғы рет, 2018 ж. 1 маусымда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко мен ЛР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы А.Пилдеговичстің басшылығымен сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты консультациялар Рига қаласында өтті. 

Астана және Рига қалалары арасындағы ынтымақтастық та дамуда. 2014 ж. 23-26 қыркүйегінде Рига қ. мэрі Н.Ушаков Астанаға жұмыс сапарын жасады.

2015 ж. қазан айында Астана қаласының әкімі А.Жақсыбеков Ригада сапармен болды. 


Сауда-экономикалық  ынтымақтастық


ҚР Статистика комитетінің деректері бойынша, екі жақты тауар айналымы 2018 ж. 83,4 млн. долл. (экспорт – 57,3 млн. долл., импорт – 26,1 млн. долл.) болды. Өзара сауда көлемі 2017 ж. – 98,2 млн., 2016 ж. – 126,2 млн., 2015 ж. – 161,1 млн. долл. құрады.

Қазақстанның экспортындағы қомақты үлесті мақта мен рапса береді, үшінші орында оксиметалдық тұздардың қышқылдары және минералды тыңайтқыштар. Латвиядан Қазақстанға мұздалған балық және балық  консервілері импортталуда. Латвияның Қазақстанға импортында екінші орынды фермент, яғни фармацевтика препараттары алады.

2018 ж. 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда 170 кәсіпорын латыш капиталының қатысуымен тіркелген (91 кәсіпорын жұмыс істейді).

2005 ж. бастап 2017 ж. үшінші тоқсанына дейін Латвия экономикасына 112 млн. АҚШ долл. қазақстандық инвестиция тартылған, ал Қазақстан экономикасына 52,2 млн. АҚШ долл. көлемінде латыш инвестициясы құйылды.

Латвия Вентспилс портында Қазақстанның астық терминалы орналасқан. Бұл Еуропалық Одақтағы алғашқы қазақстандық нысан және ол арқылы отандық астық әлем нарығына шығарылады. 

2018 ж. 3 сәуірде Рига қ. Көлік саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобының 1-ші отырысы өткізілді.

2018 ж. 31 мамырда 7-ші отырысы Ригада өткен «Қазақстан-Латвия» сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия шеңберінде тараптар ынтымақтастықтың белсенді түрін көрсетуде.

2018 ж. 29 мамырда Қазақстан мен Латвия арасында тікелей тұрақты әуе рейсі қайта ашылды.


Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Латвия арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық белсенді дамуда. Қазіргі кезеңде Латвия жоғары оқу орындарында инженерия, аэронавигация, туризм, және басқа да  мамандықтар бойынша 306-дан астам қазақстандық студенттер оқып жатыр.

Екі елдің өнер қайраткерлері Қазақстанда, сонымен қатар Латвияда өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шараларға (фестивальдар, конкурстар, сән көрсетілімдеріне) белсенді қатысады. 


Шарт-құқықтық база

Қазақстан мен Латвия арасындағы шарт-құқықтық база әр-түрлі саладағы 19 шарттар мен келісімдерден тұрады.

Олардың ішіндегі ең негізгілері: экономикалық және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі, Латвия порттарын жүктерді өңдеу және тасымалдау үшін қолдану жөніндегі үкіметаралық келісімдер  болып саналады.

Қосылған : 8.09.2014, 12:41, Өзгертілген : 8.06.2018, 11:05