Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 7 сәуірде дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2010 жылғы қазанда Швецияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

2013 жылғы желтоқсанда Қазақстанның Швециядағы Елшілігі ашылды.

2018 жылғы 10 қаңтардан бастап Швецияның Қазақстандағы Елшісі – Матс Фойер.

2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстанның Швециядағы Елшісі - Әбдірахманов Қайрат.

Саяси ынтымақтастық

2004 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Швецияға екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапарын жасады.

2006 жылғы ақпанда Швеция Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Рингхолм Қазақстанға сапармен келді.

2010 жылғы желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде швед делегациясын Швеция Сыртқы істер министрі К.Бильдт басқарды.

2013 жылғы наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Стокгольмге ресми сапары өтті.

2013 жылғы сәуірде Швецияның Сыртқы істер министрі К.Бильдт Алматы қаласында өткен Ауғанстан мәселесі бойынша Ыстанбұл үдерісі Сыртқы істер министрлер конференциясына қатысты.

2015 жылғы наурызда Боао форумы шеңберінде Қазақстан мен Швецияның Премьер-министрлері К.Мәсімов пен С.Левеннің келіссөздері өтті.

2017 жылғы Министр Қ.Әбдірахманов пен Министр М.Вальстрөм
үш рет кездесті: БҰҰ ҚК министрлік деңгейіндегі ашық пікірталастардың (қаңтар, Нью-Йорк); Қарусыздану жөніндегі конференция (наурыз, Женева); БҰҰ БА 72-інші сессиясының аясында (қыркүйек, Нью-Йорк).

2016 жылғы қазанда Қазақстан және Швеция СІМ департаменттерінің директорлары деңгейінде бірінші СІМ аралық консультациялар өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық.

2014 жылғы маусымда ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Назарбаева басында қазақстандық парламентарийлер делегациясының Швецияға жұмыс сапары өтті.

2015 жылғы наурызда Ханой қаласында (Вьетнам) Парламентаралық одақ Ассамблеясы шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Қ.Жақыпов ҚР Парламенті спикері У.Алинмен келіссөздер өткізді.

2016 жылғы мамырда Швеция Парламентінің депутаты, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті К.Харстедтің «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық Конференцияға қатысу мақсатында Қазақстанға сапары өтті.

2017 жылғы 15-17 маусымда Швеция Парламентінің спикері У.Алиннің Қазақстанға ресми сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылғы Швеция Үкіметі Қазақстанды швед өнімдерінің экспорты үшін 26 басым елдердің қатарына енгізді.

Сауда айналымы. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша 314,2 млн. (экспорт – 190,8 млн., импорт – 123,4 млн.) құрады. 2016 жылы - 310,9 млн. АҚШ долл. (оның ішінде экспорт – 145,4 млн. долл., импорт – 165,4 млн. долл.). 2015 жылы – 295,1млн. АҚШ дол. (экспорт – 187,7 млн.долл., импорт – 107,3 млн. АҚШ долл.).

Инвестициялар: 2005 жылдан бастап 2017 жылдың 1-тоқсанына дейінгі мерзім ішінде Швециядан Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың ағыны 328 млн. құрады. Ал Қазақстаннан Швецияға барған тікелей инвестициялар жоқ.

Қазақстаннан Швецияға негізінен бидай, қол аспаптарына арналған ауыстырылатын жұмыс құрылғылар (механикалық жетекпен немесе онсыз), сондай-ақ, соя бұршақтары экспортталады.

Швециядан Қазақстанға жеткізілетін негізгі тауарлар: телефон аппараттары, көшіруге, жоспарлауға, профильдеуге, өңдеуге, тегістеуге, тығыздауға, жерді, пайдалы қазбалар мен кенді қазуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен механизмдер, теміржолдар, трамвайлар, магистральдар, ішкі су жолдары, автотұрақтар, порттар немесе аэродромдар үшін электронды дабыл, қауіпсіздік немесе қозғалысты басқару құрылғылары.

Біріккен кәсіпорындар. Қазіргі таңда Швеция тарапының қатысуымен Қазақстанда 80-нен астам заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тіркелген, оның ішінде 51 жұмыс атқарады.

Қазақстанда қызмет атқаратын компаниялардың арасында
«Telia-Company» («Kcell»), «Tele2», «Ericsson», «Scania», «ABB», «Alfa Laval», «Atlas Copco», «Electrolux» және т.б сияқты танымал брендтерді кездестіруге болады.

2017 жылғы қаңтарда Сыртқы сауда және ЕО мәселелері жөніндегі министрінің орынбасары О.Стенстрём Қазақстанға сапармен келді.

2017 жылғы тамызда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаировтың Швецияға сапары өтті.

2017 жылғы қазанда «Atlas Copco» Орталық Қазақстандағы
11 кен орнында тиісті өндіру операцияларына Қазақмыстың тапсырысын жеңіп алды (тау-кен машиналары, арнайы қондырғылар және т.б.).

АХҚО. 2016 жылғы тамызда АХҚО-ның Басқарушы директоры К.Келімбетов басында қазақстандық делегациясының Стокгольмге сапары өтті.

Ауыл шаруашылығы. 2016 жылғы қазанда Швецияның Ауыл шаруашылығы министрі С.Бухттың Қазақстанға сапары өтті.

IT technologies. 2016 жылғы қазанда швед іскерлік делегациясы Қазақстанға сапары өтті («ASS ABLOY», «Axis Communications», «Ericsson», «IFS», «Telia Company» компаниялары).

Ғарыш өнеркәсібі. 2013 жылғы маусымда Парижде «Ля Бурже» Халықаралық аэроғарыштық көрменің шеңберінде Қазақстан мен Швеция ғарыш агенттіктері арасында ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

2014 жылғы қарашада «Қазақстан ғарыш сапары» басшылығының Швецияға сапары өтті.

Денсаулық сақтау. «Diaverum» швед компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз ынтымақтастықта.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Білім беру. Қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы аясында Швецияда келесі мамандықтар бойынша 6 адам білім алуда: биотехнология, биоинженерия, биоинформатика, молекулалық генетика (2 адам); физика, астрономия (1 адам); электроника, радиотехника, телекоммуникация

(1 адам); биология (1адам); су ресурстары мен суды пайдалану (1 адам).

Швеция ЖОО 31 адам білім алып шықты: Каролин институты, Стокгольм, Лунд, Мальмо, Уппсала және т.б университеттері.

2017 жылғы қазақстандық студент А.Ахметова «Global Swede Award» 2017 беделді Швеция жүлдесіне ие болды. Оқудан басқа ол медицина және жасанды интеллект саласындағы екі стартаппен айналысқан және Каролинск институтының digital master жөніндегі Елшісі болып табылады (халықаралық деңгейде бір бренд бойынша жұмыс істейтін сервистік орталықтардың желісі).

Қосылған : 4.12.2013, 12:58, Өзгертілген : 18.03.2019, 13:30