Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 10 қыркүйек – дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2000 ж. 20 желтоқсан – Атырау қаласында Нидерландтың құрметті консулдығы ашылды.

2003 ж. 17 маусым – Амстердам қаласында ҚР-дың Бас консулдығы құрылды.

2005 ж. 18 ақпан – Амстердам қаласындағы Бас консулдығы ҚР-дың Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы болып қайта ұйымдастырылды.

2007 ж. 1 қаңтар – Дипломатиялық миссия Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі болып қайта ұйымдастырылды.

2016 ж. 11 мамыр – ҚР-дың Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Ілиясов болып тағайындалды.

2016 ж. 10 қазанда Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Ян Коп болып тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық

2002 ж. 27-28 қарашадағы Королева Беатрикстің шақыруы бойынша ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Нидерландқа бірінші ресми сапары себепші болды.

2014 ж. 23-25 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Нидерланд Корольдігіне сапары өтіп, аталмыш шара Гаагада ядролық қауіпсіздік Саммитімен сабақтастыра ұйымдастырылды. Саммитке қатысу барысында екіжақты сапармен қиыстыру мүмкіндігінің голланд тарапымен тек төрт елдерге – Қазақстанға, АҚШ-қа, Қытайға және Оңтүстік Кореяға ұсынылғанын атап өткен жөн.

2015 ж. 2 желтоқсанда Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттенің Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің шақыруымен Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстандық статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айнда аралығында сауда айналымының көлемі 5,031 млрд. млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 4,748 млрд., импорт –282, 3 млн.).

2016 жылы аталған көрсеткіш 3,538 млрд. АҚШ долларын құраған болатын.

2005 жылдан 2017 жылдың 1 жарты жылдықта дейін құйылған инвестициялар көлемі 75,02 млрд. АҚШ доллары көлемінде болса, Қазақстаннан Нидерландқа құйылған инвестициялар мөлшері 38,4 млрд. АҚШ долларына жетті.

Қазіргі таңда Қазақстанда британдық үлесі бар 956-ден астам заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер қызмет атқаруда (тіркелгені 1166). Олардың ішінде «RoyalDutchShell», «AgipCaspianSea BV», «Lukarco B.V.», «FloodgateHolding», «FinturHolding BV», «Witteven+Bos» секілді корпорациялар бар.

2014 жылы 23 наурызда Қазақстан-нидерландтық Іскер Кеңесін құру туралы Келісімға қол қойылды. ІК үшінші отырысы 2017 ж. 22 маусымда Гаагада өтсе, келесі Астанда ЭКСПО-2017 шеңберінде өткізілмек.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігімен үнемі мәдениет және көркемөнер саласында түрлі көрмелер, симпозиумдар, презентациялар, семинарлар мен конференциялар өкізіліп тұрады.

Голланд тарапымен бірлесе Ұлы Отан Соғысы (ҰОС) жылдарында Нидерландта жерленген қазақстандық жауынгерлер туралы ақпаратты іздеу жұмысы жүргізілуде. Осымен, ҚР-дың Гаагадағы Елшілігінің бастамасы және қолдауы бойынша, 2010 ж. мамыр айында ҰОС-тың 65-жылдығына орай жергілікті журналист Р.Рейдингпен соғыс жылдары кезеңдерінде жоғалған Нидерландтағы жерленген қазақстандық жауынгерлер туралы голланд тілінде кітап басылып шықты.

Қосылған : 4.12.2013, 12:45, Өзгертілген : 17.05.2018, 16:20