Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1991 жылғы 31 желоқсанда Дания Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылғы 6 мамырда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2013 жылғы тамыздан бастап Данияның ҚазақстандағыЕлшісі (Мәскеудегі резиденциясымен) - Томас Винклер.

2015 жылы ақпаннан бастап Қазақстанның Даниядағы Елшісі (Стокгольмдегі резиденциясымен) - Дастан Елеукенов.

Саяси ынтымақтастық

Ең жоғары деңгейдегі қатынастар. Екіжақты қатынастарды дамыту жолында 2000 жылы 25-26 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Дания Корольдігіне жасаған ресми сапары маңызды орынға ие болды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Ханшайым Маргрете ІІ кездесіп, Премьер-Министр А.Расмуссенмен және Фолькетинг (Парламент) төрағасы И.Хансенмен келіссөздер жүргізді.

Жоғары деңгейдегі қатынастар. Екіжақты қатынастардың одан әрі дамуына Дания Сыртқы істер министрі П.Меллердің 2009 жылы маусымда Астанаға жасаған сапары жаңа серпін берді. Оның барысында ол ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжінмен, Энергетика және миниралды ресурстар министрі С.Мыңбаевпен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіровпен кездесті.

2009 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі П. Меллер Солтүстік Еуропа, Балтық және Орталық Азия мемлекттерінің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты.

2010 жылы маусымда ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Копенгаген конференциясына қатысудың аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Данияға алғашқы ресми сапары өтті. Сапар барысында ол Дания Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Л.Эсперсенмен кездесті.

2010 жылы шілдеде Алматыдағы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесіне Дания Мемлекеттік хатшысы А.Стефенсен қатысты.

2010 жылы желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде Дания Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Л.Эсперсен дат делегациясын басқарды.

2013 жылы қарашада Фарер аралдарының Премьер-Министрі К.Й.Йоханнесен Астанаға сапармен келді. Бұл сапардың мақсаты ЕЭК мүше мемлекеттер мен аралдар арасындағы өзара еркін сауда аймағын құру туралы келісімді жасасуға қатысты келіссөздерді қайта жандандыру болды (Келісімге әлі қол қойылған жоқ).

2013 жылы қарашада ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаров Данияға сапармен барды. Сапар барысында ол «State of Green», «Copenhagen Cleantech Cluster», «DHI», «Ramboll», «Danfoss», «Vestas» компанияларының, басқа да мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар мен компаниялардың басшыларымен баламалы энергия көздерін дамыту саласындағы тәжірибені зерттеу мақсатында кездесті.

2015 жылы қарашада «Азия-Еуропа» Форумына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлерінің 12-інші кездесуі «алаңында» ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков Дания Сыртқы істер министрі К.Йенсенмен кездесті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сауда айналымы. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша тауар айналымы – 162,6 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 70,0 млн.долл., импорт – 92,6 млн.долл.). 2016 жылға - 91,4 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 30,9 млн.долл., импорт – 60,5 млн.долл.). 2015 жылға - 113,1 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 40,4 млн. АҚШ долл., импорт – 72,6 млн АҚШ долл.).

Инвестициялар. 2005 жылдан бастап 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі мерзім ішінде Даниядан Қазақстанға келген тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 56,2 млн. АҚШ долл., дәл осы аралықтағы Қазақстаннан Данияға бағытталған тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 6,4 млн. АҚШ долл. құрады.

Қазақстаннан Данияға негізінен минералды өнімдер экспортталады. Даниядан Қазақстанға негізінен химия өнеркәсібінің өнімдері, машина мен жабдықтар,құралдар мен аппаратар, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің өнімдері импортталады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 35-тен аса бірлескен кәсіпорын тіркелген (заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер, оның ішінде 20-сы жұмыс атқарады).

Қазақстан Республикасында «Novo Nordisk» (фармацевтика), «MDE Consult APS Kazakhstan» (консалтингтік қызметтер), «Castrol А/С» (отын шикізат өндірісі және сатылымы), «Young Refrigeration APS» (тоңазыту аппаратарының өндірісі мен сатылымы) сияқты дат компаниялары жұмыс істейді. «Саулет Порса Систем» (жиһаз жасау), «Тред Линк Алматы» ЖШС (халық тұтынатын тауарларды көтерме бағамен сату), «Централ Азия Сафари» ЖШС (туризм), «Ян Интернешнл Казахстан» ЖШС (халық тұтынатын тауарларды көтерме бағамен сату), «Danfoss» (жылу есептегіштердің қосалқы заттарын жеткізу) сияқты бірлескен кәсіпорындар өз қызметтерін іске асыруда.

2010 жылы қарашада Жамбыл облысының әкімі Қ.Бозымбаевтың Данияға сапары өтті. Кездесулердің қорытындысы бойынша Жамбыл обылысының Әкімдігі мен DAFC арасында, сондай-ақ «Тараз» ӘКК мен «DI» арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қаржы. 2010 жылы 26-27 мамырда «Saxo Bank» басшысы және негізін қалаушысы Л.Кристенсен Алматыға келіп, «Saxo Trader» сауда платформасының қазақстандық қор биржасына қол жетімділігін және қазақстандық брокерлердің осы қаржы жүйесі арқылы халықаралық нарық капиталына шығу мүмкіндігін талқылады.

Энергетика. «Alstom Power Flowsystems» компаниясымен («АВВ» тобымен) ынтымақтастық іске асуда. Компанияның жобалары Астана және Атырау қалаларындағы Екібастұз ЖЭС-да ішінара іске асырылды. Бөлшектенген құбырларды өндіру зауытын салу және Қазақстандағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау бойынша жұмыстарды іске асыру мүмкіндіктері қаралуда.

2012 жылы қазанда «Маерск Ойл» дат компаниясының басшылығы Маңғыстау облысының Әкімі Б.Мұхамеджановпен кездесіп, Қазақстандық Дұңға кен орнындағы жұмыстардың көлемімен танысты. Компанияның жоспарына сәйкес 2015 жылға қарай мұнай өндірісінің көлемі күніне 10 мыңнан 35 мың баррельге дейін артпақ.

Ақтөбе облысының аумағында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және қызметтерін көрсетумен айналысатын «Дэйниш Кэмп Сеплай» ЖШС (құрылтайшысы – «Дэйниш Кэмп Сеплай ЭйПиЭс» компаниясы) мен жер үсті және геофизикалық зерттеулермен айналысатын «БатысМұнайИнвест» ЖШС жұмыс істейді.

2016 жылғы сәуірде Данияның Ресейдегі Елшісі Т.Винклер басқарған іскерлік дат делегациясы Астана, Алматы қалаларына сапармен келді.
Сапар бағдарламасына сәйкес дат делегациясы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Назарбаевамен, министрлер Т.Дүйсенова мен А.Мамытбековпен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенкомен, Энергетикавице-министрі М.Мырзағалиевпен және т.б.

Денсаулық сақтау. 2017 жылы қарашада Данияның Мәскеудегі Елшісі Т.Винклер басқарған іскерлік дат делегациясы Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысу үшін сапармен келді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасындағы ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті ғылым және білім, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салаларда бар. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары арқылы ынтымақтастық болашағы зор бағыттарының бірі болуы мүмкін.

Шарттық-құқықтық база

1991-2015 жж. аралығында Қазақстан мен Дания арасында 1 келісімге қол қойылған.

Қосылған : 8.09.2014, 12:13, Өзгертілген : 17.05.2018, 16:00