Қазақстан Республикасы мен Монако Ханзадалығы арасындағы қатынастар

Жалпы ақпарат

2009 жылғы 15 қаңтарда – дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2011 жылдың 4 қазанда Қазақстанның Монакодағы Құрметті консулдығы ашылды (В.Семенихин басқаруда).

2012 жылдың 16 мамыр айынан бастап Монаконың Қазақстандағы Құрметті консулы Қ.Оразбеков болып табылады.

2012 жылғы 3 қарашада Монаконың Қазақстандағы Құрметті консулдығы ашылды.

2013 жылғы 28 наурызда Монаконың Қазақстандағы қоса атқаратын Елшісі Э.Жанта (резиденциясы Лондонда).

Саяси қарым-қатынастар

2012 жылғы 2-5 қарашада Қазақстанға Монаконы басқарып отырған Ғизатты Мәртебелі Князь Альбер II-нің бірінші ресми сапары өтті. Сапар барысында ҚР СӨП пен Монаконың Экономикалық даму палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2013 жылғы 27-28 қыркүйекте Альбер II-нің шақыруымен Президент Н.Назарбаев Монакоға ресми сапармен барды. Сапар барысында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

2014 жылғы 29-30 маусымда Монако Үкіметінің Сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі (министрі) Ж.Бадиа Қазақстанға сапармен келді.

2014 жылғы 14 қарашада Монако Князі Альбер II-нің Қазақстанға жеке сапары өтті.

2015 жылдың 5 наурызда Қазақстанның Бас Прокуроры А.Даулбаевтың Монакоға өткен сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Монако Княздігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылды.

2016 жылғы 11 қазанда Монакода Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің Монако Княздігінің Мемлекеттік министрі (Премьер-министрі) С.Тэлльмен, Монако Үкіметінің Сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі (министрі) Ж.Тонеллимен кездесулері өтті. Туризм және қаржы саласындағы перспективалар талқыланды.

2017 жылғы 24-25 маусымда «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде Монаконың Ұлттық күнінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Монако Князі Альбер II-нің Астанаға жұмыс сапары өтті. Сапар барысында Президент Н.Назарбаевпен, Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевпен кездесулер ұйымдастырылды.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

2012 жылғы 23 ақпанда Монакода бірінші Қазақстан-монако бизнес-форумы өтті.

2013 жылғы 11-13 маусымда Қазақстанға Монаконың Қазақстандағы Елшісі Э.Жантаның және Экономикалық даму палатасының Бас менеджері Э.Риттер-Моатинің басшылығымен Монако бизнес делегациясының жұмыс сапары өтті.

2013 жылғы 19 маусымда Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешевтің Монакоға жұмыс сапары өтті.

2013 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан-монако бизнес-форумы өтті (Қазақстан компанияларының 40 өкілдері және Монаконың 60 бизнес өкілдері қатысты).

2017 жылғы 24-26 маусымда «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астанаға Монаконың шамамен 20 компанияның өкілдері келді.

2017 жылғы 7-9 тамызда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі делегациясының Монакоға сапары өтті. Сапар қорытындылары бойынша Княздіктің Үкіметіне ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы өзара ынтымақтастық меморандум жобасы жіберілді.

2017 жылғы 11 ай бойынша тауар айналым 96,6 мың. долл. (экспорт – 2,4 мың, импорт – 94,2 мың) құрады, 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналым 63%-ға азайды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2012 жылғы 2-30 қарашада Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Грейс Келлидің заманы» атақты көрмесі өтті. Көрмеге ҚР Президенті Н.Назарбаев және Монако Князі Альбер II қатысты.

2014 жылдың 1 қазан айында депутат Д. Назарбаева онкологиялық зерттеу жұмыстарына және бақылау бойынша еуропалық ұйымының Альбер ІІ басқарып отырған қайырымдылық қоры ұйымдастырған қайырымдылық түскі асына қатысып, сөз сөйледі.

2017 жылғы 9 қаңтарда Монакода Қазақстанның Мәдениет күндері өтті.

2017 жылғы 25 маусымда Монте-Карло халықаралық фестиваль циркі «ЭКСПО-2017» көрмесінде (Монаконың Ұлттық күні шеңберінде) өнер көрсетті.

Қосылған : 17.10.2014, 20:08, Өзгертілген : 17.05.2018, 16:15