Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәлімет

1992 ж. 21 тамыз – Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1992 ж. – Италия Республикасының Қазақстанда Елшілігі ашылды (2005 ж. сәуірден бастап Астана қаласында орналасты).

1996 ж. – Қазақстан Республикасының Италияда Елшілігі ашылды.

2015 ж. бастап – Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Сергей Нұртаев тағайындалды.

2018 ж. бастап – Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Паскуале Д'Авино тағайындалды.

Саяси қарым-қатынастар

ҚР Президенті Н.Назарбаев Италияға ресми сапармен 1994, 1998, 2003 және 2009 жж. барды. 2009 ж. Мемлекет басшысының сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасының арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойылды.

1997 ж. Италияның Президенті О.Л.Скальфаро Қазақстанда ресми сапармен болды.

Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Проди 1997 ж. және 2007 ж. Қазақстанға сапармен келді. 2008 ж. (қысқа мерзімді) және 2010 ж. (ЕҚЫҰ саммиті) Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы С.Берлусконидің Қазақстанға сапары өтті. 2014 ж. 12 маусымда Италияның Министрлер Кеңесінін Төрағасы М.Ренци Қазақстанға жұмыс сапармен келді. 2014 ж. 17 қазанда Миланда «Азия-Еуропа» Форумының 10-шы Саммиті шеңберінде Н.Назарбаев М.Ренцимен екіжақты кездесу өткізді.

2015 ж. 27 маусымда ҚР Президенті Н.Назарбаев Милан қаласында сапармен болды. Сапар барысында М.Ренцимен екіжақты кездесу өткізді. «Милан ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесі алаңында Н.Назарбаевтың және М.Ренцидің қатысуымен қазақстан-итальяндық бизнес-форум болды.

2016 ж. 17 маусымда Санкт-Петербургте 20-шы Петербургтік Халықаралық экономикалық форум аясында Н.Назарбаев М.Ренцимен кездесті.

Италияның Парламентінде және ҚР Парламенті Мәжілісінде парламентаралық достық топтары құрылған. Парламентарилер арасындағы байланыстардың кеңеюіне ҚР парламенттік делегацияларының 2007, 2009, 2010 және 2016 жылдары Италияға жұмыс сапарлары жәрдемдесті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Ресми деректер бойынша екіжақты тауар айналымы 2014 ж. 17,09 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 16,05 млрд., импорт – 1,04 млрд.). 2015 ж. бұл көрсеткіш энергия көздері бағаларының құлауына байланысты 9,3 млрд. АҚШ долл. астам көрсеткішке ие болды (экспорт – 8,1 млрд, импорт – 1,2 млрд.). 2016 ж. 10 айға тауар айналымы 6,508 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 5,798 млрд., импорт – 710 млн.) құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 18 %-ға аз (7,969 млрд. долл., в т.ч. экспорт – 7,044 млрд., импорт – 925 млн.). Дегенмен, Италия бүгінгі күнге дейін ҚР сауда әріптестері елдері арасында үшінші орында тұр (ҚР жалпы тауар айналымындағы үлес салмағы 2015 ж. 15,4% құрады (Қытай мен Ресейден кейін), ал еуропа елдері ішінде – бірінші орында.

Италия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мақсатында экономикалық және өнеркәсіп ынтымақтастығы мен алмасу жөнінде үкіметаралық жұмыс тобы құрылған (ҮЖТ). 2015 ж. ақпанда Рим қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Т.Жақсылықов пен Италия Республикасының Экономикалық даму министрінің орынбасары К.Календа төрағалығымен ҮЖТ-нің 7-ші отырысы өтіп, оның аясында жақын келешекке екіжақты қарым-қатынастың негізі қаланды.

  • Екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 2016 ж. Астанаға Италияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі М.Мартинаның (27-28 қыркүйек), итальяндық Фриули-Венеция-Джулия аймағының президенті Д.Серраккианидің (2-4 қараша) және Италияның СІМ қауіпсіздік және шет елдердегі итальян азаматтарын қорғау саласындағы сарапшыларынан құралған делегацияның (7-9 қараша) сапарлары өтті.

Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық

Екі ел арасында тұрақты негізде мәдени іс-шаралар (концерттер, кино және мәдениет күндері, көрмелер және т.б.) өткізіліп тұрады.

Музей ісі саласында 2015 ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Италияның мәдени мұрасын насихаттаудың лидері және италиялық 100 музейді басқаратын Civita компаниясымен Келісімге қол қойылды.

Қазіргі уақытта бірқатар қазақстандық университеттер Миландағы Санта Куоре Университетімен әлеуметтік жұмыс менеджменті саласында бірге қызмет істеп келеді. Феррары және «КИМЭП» университетімен салық заңнамасы саласында ынтымақтастық жалғасуда. Әл-Фараби атындағы ҚАЗМУ Флоренция, Болонья, Ла Сапиенца Рим, Катания және Падова қалаларының Университеттерімен табысты қызмет істеп келеді. Болонья Университеті мен қазақстандық Халықаралық бизнес университетінің (UIB) арасында өзара іс-қимыл жалғасуда. Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Рим қаласындағы Сильвио Д'Амико атындағы Драмалық өнердің Ұлттық академиясымен және Флоренция қаласының Әсем өнерлер академиясымен әріптестікті дамытуда.

2015 ж. маусымда «Астана Опера» және Генуя қаласындағы Карло Феличе театрының арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Астана Опера» театрының Милан қаласының Ла Скала және Неаполдағы Сан Карло театрларымен өзара әрекеттестігі жалғасуда.

Қосылған : 8.09.2014, 12:22, Өзгертілген : 13.02.2019, 12:20