Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы қатынастар

1993 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі 2007 ж. мамыр айында ашылды. А.Шоқыбаев 2014 ж. 1 қарашадан бастап Қазақстанның Қатардағы Елшісі болып табылады.

Қатар Мемлекетінің Қазақстан Республиксындағы Елшілігі 2008 ж. наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. 2016 жылғы 10 қазаннан бастап Қатардың Қазақстандағы Елшісі – Ахмед бен Әли Әл-Тамими.

Саяси саладағы ықпалдастық

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты орнатудың алғашқы қадамдары 1997 ж. 26-27 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Қ-Ж.Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне ресми сапары барысында қалыптаса бастады.

1998 ж. 18-19 сәуірде Қатардың Сыртқы істер министрі шейх Хамад бен Джасим бен Джабер Әл-Тани Алматы қаласында болып қайтты.

1998 ж. 23-25 мамырда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Парсы Шығанағы елдеріне турнесі шеңберінде Қатар Мемлекетіне алғашқы ресми сапары болды.

1999 ж. 20-22 сәуірде Қатардың Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл-Тани Астанаға алғашқы ресми сапарымен келді.

2007 ж. 10-11 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаев Қатарда екінші ресми сапармен болып қайтты.

2008 ж. 4-5 наурызда ҚМ Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл-Тани екінші рет ресми сапарымен Астанаға келді.

2011 ж. 5 қазанда Қатардың Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл-Тани жұмыс сапарымен Қазақстанға келді.

2014 ж. 19 қаңтарда Қатардың жаңа тағайындалған Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді.

2015 ж. 25-26 қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев үшінші рет Қатар Мемлекетіне ресми сапармен келді.

2011 ж. 10-12 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қ.Мәмидің Қатар Мемлектіне сапары өтті.

2012 ж. 21-22 қаңтарда ҚР Президентінің көмекшісі Н.Ермекбаев бастаған қазақстандық делегация Доха қаласына сапармен келді.

2013 ж. 24 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясының жұмыс шеңберінде ҚР СІМ Е.Ыдырысов ҚМ Әмірі шейх Тамим бен Халифа Әл-Танимен кездесті.

2013 ж. 1-3 қазанда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі А.Шәкіров Дохада өткен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институты Азия-Тынық мұхиты форумының (АТФ) жыл сайынғы конференциясына қатысты.

2014 ж. 12-14 мамырда Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі Д.Ерғожин Дохада жыл сайын өтетін «Таяу Шығыстың экономикалық болашағын жақсарту» және «Демократия, дамумен еркін сауда туралы» ХІV форумының конференциясына қатысты.

2014 ж. 11-13 маусымда ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық Авиация комитеті (ААҚ) төрағасының орынбасары Т.Ластаев бастаған қазақстандық делегация Дохаға сапармен келді.

2014 ж. 4 қыркүйекте Дохада Н.Назарбаевтың Мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қорының директоры Қ.Саудабаевтың сапары өтті.

2014 ж. 4 қарашада Қатар Даму қорының Бас директорының орынбасары Халифа Әл-Кауари мен қор қызметкері Сұлтан Әл-Асири Семей қаласына барып қайтты.

2015 ж. сәуірінде ҚМ Сыртқы істер министрлігі Халықаралық даму департаментінің қызметкері Астана қаласына барып, шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани атындағы орта мектебі жобасымен танысты.

2015 ж. 25 мамырында 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу үшін ҚР кандидатурасын ілгерілету бойынша ҚР Президентінің Арнайы өкілі – ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары А.Мусинов Дохада сапармен болды.

2015 ж. 10-11 маусымында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне ҚМ Уақыфтар және ислам мәселелері бойынша министрліктің делегациясы мен Доха Дінаралық диалог орталығының Бас директоры Ибрагим Салех Аль-Наими қатысты.

2015 ж. 16-17 маусымында ҚМ Сыртқы істер министрі Халед бен Мұхаммед Әл-Атыйя Қазақстан Республикасына ресми сапар шекті.

2015 жылғы 6 қыркүйекте Доха қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Н.Назарбаев» атындағы Мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қорының директоры Қ.Саудабаевтың Қатарға сапары өтті.

2015 жылғы 15 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» комиссары Р.Жошыбаевтың Қатарға жұмыс сапары өтті.

2016 ж. 22 ақпанда ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Е.Көшербаев Қатарда жұмыс сапарымен Дохада болды.

2016 ж. 17 сәуірде ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Дохада сапармен болып, мұнай шығару көлемін тоқтату мәселесіне қатысты мұнай-шығарушы елдердің министрлері кездесуіне қатысты.

2016 ж. 28 сәуірде ҚМ Муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрі М. Әл-Румейхи АҚИҰ Бас ассамблеясының құрылтай сессиясы және азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылық дамуы жөніндегі ИЫҰ министрлерінің 7-ші конференциясына қатысты.

Сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2016 ж. екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 746,5 мың АҚШ долларын құрап, оның 647,6 мың АҚШ доллары – экспорт, ал 98,9 мың АҚШ доллары – импорт болып отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіштер 463,5 мың АҚШ долларды (экспорт – 22,6 мың АҚШ доллары, импорт – 440,9 мың АҚШ доллары) құрады.

Екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды механизмі жоғары деңгейдегі қазақстан-қатар бірлескен үкіметаралық комиссия болып отыр (ҮАК). Комиссияның төрт отырысы өтті (2000 ж. маусым, 2015 ж. қазан - Дохада және 2001 ж. мамыр, 2009 ж. қазан - Астанада).

2015 ж. 18-19 қазанда Дохада Қазақстан-қатар жоғарғы деңгейдегі бірлескен комиссиясының 4-отырысы ұйымдастырылды. Комиссияның қазақ тарапын ҚР Ұлттық экономика министрі Е.Досаев, қатар тарапын ҚМ Экономика және сауда министрі шейх Ахмад бен Жасим бен Мұхаммед Әл Тани басқарды.

Отырыс барысында Қазақстан мен Қатардың экономикалық даму мәселелері, екіжақты экономикалық және сауда қатынастарының жағдайы мен перспективалары, Комиссияның 3-отырысының протоколдық шешімдері, Астанадағы шейх Тамим атындағы мектеп құрылысы мен Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерді оңалту орталығы жобаларының жүзеге асулары, инвестиция және тау-кен, банкаралық ынтымақтастық, қатар тарапының «Kazakhstan Infrastructure Fund» қорына қосылуы, азаматтық авияция саласындағы ынтымақтастық, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудегі ықпалдастық мәселелері талқыланды.

2012 ж. 21-26 сәуірде ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Б.Сағынтаев Дохада өткен «Дамуға бағытталған, жаһандану: жаппай өсу жолындағы тұрақты даму принциптері» тақырыбындағы БҰҰ сауда және даму жөніндегі 13-ші конференциясының (ЮНКТАД-ХІІІ) сессиясына қатысты.

2013 ж. 6-7 сәуірде ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Г.Марченко Дохада өткен Исламдық қаржы қызметтері жөніндегі кеңесінің Бас Ассамблеясының 11-ші жыл сайынғы кездесуіне қатысты.

2013 ж. 22-24 мамырда ҚМ Экономика және қаржы министрі Юсуф Хусейн Камал бастаған Қатар делегациясы ІV-ші Астана экономикалық форумы мен дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясына қатысты.

2013 ж. 11-13 маусымда Астанаға ҚМ Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Азық-түлік кауіпсіздігі жөніндегі техникалық кеңесшісі Масуд Әл-Марри үкіметаралық сарапшылар тобының ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі отырысына қатысты.

2013 ж. 18 қарашада «Астана ЭКСПО-2017» ҰКБасқарма төрағасы Т.Ермегияевтың Қатарға сапары өтті.

2014 ж. 6 қазанда Астанада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ өткізген трансформация жөніндегі халықаралық форумға Қатар инвестициялық агенттігінің Бас атқарушы директоры Ахмад Мұхаммед Әл-Саид қатысты.

2014 ж. 19-20 қарашада Доха қаласында Тәуелсіз әл-ауқат қорлардың халықаралық форумы өтті. Аталған форумға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев бастаған делегация қатысты.

2015 ж. 25-26 қаңтарда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Н.Қаппаров бастаған қазақстандық делегация Дохада сапармен болды.

2015 жылғы 8-9 сәуірде Қатар инвестициялық қорының атқарушы директоры шейх Абдалла бен Мұхаммад Әл-Тани бастаған делегация Астанада болды.

2015 ж. 8 қыркүйекте ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Құсайынов Қатар мемлекетіне сапар шекті.

2016 ж. 29-30 наурызда ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Төралқа Төрағасы Т.Құлыбаевтың Дохаға жұмыс сапары болып өтті.

Аталған кездесулердің нәтижесінде шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани, қорлар мен компания басшылары Қазақстан Қатар үшін әлемдегі маңызды елдердің бірі екенін қуаттап, Доха ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы Астанамен ауқымды ынтымақтастық құруға қызығушылығын білдірді.

2016 жылғы 28-31 тамызда ҚМ Орталық банкінің Төрағасы шейх Абдалла бен Сауд Әл-Тани бастаған делегация Астана Халықаралық қаржы орталығының шақыруымен Қазақстанда (Алматы және Астана қ.) сапармен болды.

Бұл оңтайлы жұмыстың жалғасы ретінде 2016 ж. 5 желтоқсанда Дохада «Астана» АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетовтың жұмыс сапары өтті.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық.

2002 ж. 19-31 наурызда Қатарда Қазақстанның мәдени күндері өтті. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммед бастаған қазақстандық делегацияны Қатар Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл-Тани қабылдады.

2008 ж. 10-15 маусымда Алматы қаласында Қатардың мәдени күндері өтті. Қатар делегациясын Өнер және мұра, ұлттық мәдениет жөніндегі Кеңестің төрағасы Мишал бен Джасим Әл-Тани басқарды.

2006 ж. 25 ақпанда Қатардың «Әл-Джазира» телекомпаниясы өзінің Орталық Азиядағы бірінші бюросын Алматыда ашты.

2010-2012 жж. Дохадағы «Doha Tribeca Film Festival» кинофестивалі мен «Әл-Джазира» арнасының деректі фильмдер Халықаралық фестивалі шеңберінде қазақстанның режиссерлері С.Азимов және А.Сатаевтің «Жаужүрек мың бала» мен «Кеш келген махаббат» кинофильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Орталық Азия мәдениет фестивалі аясында 2012 ж. 27 наурызда Дохада ҚР халық әртісі Раушан Байсейітова басшылығымен Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік акамедиялық опера және балет театрының балет тобының қойылымы өтті.

2014 ж. 15-23 маусымда Дохада ЮНЕСКО Әлемдік мұра комитетінің 38-ші отырысы өтті, оған Қазақстан алғашқы рет 21 мүшемемлекеттердің бірі ретінде қатысты. Қазақстандық делегацияны ҚР Франциядағы Елшісі Н.Дәненов және ҚР Ұлттық комиссиясының ЮНЕСКО мен ИСЕСКО жөніндегі бас хатшысы А.Өтегенова басқарды.

2016 жылғы 7-8 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов бастаған делегация Қатар Мемлекетінде сапармен болды.

2016 ж. 8 желтоқсанда «Katarа Cultural Village» мәдени қалашығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шеңберінде «Қазақстан Камератасы» атты қазақстандық танымал камералық оркестрдің концерті өтті.

Қосылған : 4.12.2013, 11:09, Өзгертілген : 12.02.2019, 17:00