Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті (ИМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 10 сәуірде орнатылды.

Израильдің Қазақстандағы Елшілігі 1992 ж. тамызынан бері жұмыс атқарады. Қазақстанның Израильдегі Елшілігі 1996 ж. мамырда ашылды.

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дулат Қуанышев (2014 ж.).

Израильдің Қазақстандағы Елшісі Лиат Вексельман (2018 ж.).

Саяси қатынастар

Өткен кезеңде екі ел арасында әртүрлі деңгейде бірқатар сапарлар жүзеге асырылды.

ҚР ПрезидентіН.Назарбаев Израильге екі рет ресми сапармен (1995 ж. желтоқсан, 2000 ж. сәуір) және жұмыс сапарпен ( 2013 ж., наурыз) барып қайтты.

ИМ Президенті Ш. Перес Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен (2009 ж. 30 маусым – 1 шілде). Сапар шеңберінде 6 екіжақты келісімге қол қойылды.

2016 ж. желтоқсан айында ИМ Премьер-министрі Б. Нетаньяхудың ресми сапары өткізілді.

2015 ж. қыркүйекте жеке сапары барысында Ш. Перес бұрынғы президент ретінде Астанаға сапармен келді, Мемлекет Басшысымен кездесті.

Қазақстан тарапынан Израильге сонымен қатар келесі тұлғалар сапар жасады: Премьер-Министр (1992 ж.), Премьер-Министрдің орынбасарлары мен бірқатар министрліктер мен облыс әкімдіктерінің басшылары (1992 ж.), Жоғарғы соттың төрағасы (1995 ж.), Білім және ғылым министрі (2007, ақпан), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2007, маусым), Парламент Сенатының Төрағасы (2008, мамыр), Парламент Мәжілісі Төрағасның орынбасары (2008, желтоқсан), ҚР ҰҚК Төрағасы (2013 ж. тамыз); ҚР Қорғаныс Министрі (2014 ж. қаңтар, 2016 ж. тамыз).

Қазақстанда сапармен Израиль Ғылым және экономика министрі (1993 ж.), Энергетика министрі (1993 ж.), Қорғаныс министрлігі Бас директорының басшылығымен әскери делегация (1995 ж.), Сыртқы істер министрі (1995 ж. тамыз-қыркүйек), Премьер-министрінің орынбасары-Құрылыс және тұрғын үй министрі (2002 ж. маусым, АӨСШК саммиті), Премьер-министрінің орынбасары-Негев және Галилейді дамыту министрі (2006 ж. маусым, АӨСШК екінші саммиті), Мәдениет, ғылым және спорт министрі (2008 ж,. қаңтар), Кнессет (Парламент) Вице-спикері (2008 ж,. мамыр) болды. Израильдің ұлттық инфрақұрылым министрі Б.Бен-Элиезер Қазақстанда үш мәрте сапармен болды (2007 ж. желтоқсан, 2008 ж. қыркүйек, 2010 ж. сәуір), Ғылым министрі Д.Гершкович және экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының Лауреаты Р.Ауман (2010 ж. шілде және 2011 ж. мамырда Астана қаласында III-IV Астана Экономикалық Форумы); Премьер-министрінің орынбасары – Стратегия істері жөніндегі министрі (2010 ж., желтоқсан), Ауыл шаруашылық және ауылдық аудандары даму істер министрі (2013 ж. қазан).

Сыртқы істер ведомстволар арасындағы ынтымақтастық

Жүйелі негізінде сімаралық консультациялар өткізілуде. Саяси консультациялардың 6 кезеңі 2013 ж. маусымда Астанада өтті, 7 кезеңі – 2015 ж. 3 қарашада Иерусалимде.

Үкіметаралық комиссия

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының 7 отырысы өтті. Үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысы 2016 ж. 24 қарашада Астанада өтті.

Қазақстан тарапынан қосарлас төрағасы – Қаржы министрі Б. Султанов. Израиль тарапынан – Иерусалим істер және ұлттық мұра жөніндегі министрі, қоршаған ортаны қорғау министрі З. Элькин.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан Израильдің озат технологияларына және ноу-хауға қызығушылық білдіреді, Израиль – қазақстандық энергия тасымалдаушыларына.

ҚР мен ИМ арасындағы өзара сауда көлемі 2016 жылда 9 ай ішінде 237 млн. АҚШ долл. жетті (экспорт – 197 млн., импорт – 40 млн.).

Қазақстандық экспортының негізгі салалары – мұнай, мұнай өнімдері және металдар. Қазақстандық импорты машиналардан, жабдығынан, пластмассадан жасалған бұйымдардан және ауыл шаруашылық өнімдерінен тұрады.

Қосылған : 4.12.2013, 11:00, Өзгертілген : 12.02.2019, 17:00