Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қатынастар

Жалпы мағлұматтар

Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 8 ақпанда орнатылды.

Қазақстанның Аммандағы Елшілігі 2007 ж. шілдесінде ашылды. Иорданияның Қазақстандағы Елшілігі 2007 ж. сәуір айынан бастап қызмет етуде.

2014 ж. 6 қазаннан бастап Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстанның Иорданиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Иордан Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі – Иса Әлхиджазин.

Саяси байланыстар

Хашимит Корольдігі экономикасының шағындығын, табиғи ресурстардың шектеулілігін, энергетика, су қорларына тапшылығын, сыртқы қаржы-экономикалық көмекке зәрулігін назарға ала отырып, Иорданиямен ынтымақтастықтың басымды бағыты ретінде саяси саладағы қарым-қатынастар мен ықпалдасуды нығайту белгіленген.

Бүгінгі күні бұл ынтымақтастық деңгейі жоғары дәрежеге көтеріліп, Иордания еліміздің Таяу Шығыс аймағындағы ең жақын әрі сенімді одақтастарының бірі болып саналады.

Қазақстан-Иордан қатынастары әртүрлі деңгейдегі белсенді байланыстармен ерекшеленеді. Екі елдің мүдделі тараптары жыл сайын өзара сапарлар барысында, сонымен қатар түрлі халықаралық іс-шаралар шеңберінде ұдайы кездесіп тұрады.

ҚР Президенті мен ИХК Королі арасындағы байланыстар

2016 ж. 30 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусейн арасында телефон арқылы сұхбаты өтті. Әңгіме барысында Елбасы Иордания монархын парламент сайлауының табысты өтуімен және үкіметтің жаңа құрамының жасақталуымен құттықтады. Екі ел басшылары сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың басымды бағыттары төңірегінде пікір алысты.

2016 ж. 11 қазандаҚР Президенті Н.Назарбаев өзі тағайындаған «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» сыйлығына Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейнді ие болғанын жариялады. Бұл туралы Н.Назарбаев өзінің резиденциясында шетелдік елшілерге сенім грамотасын тапсыру рәсімі кезінде жария етті.

Парламентаралық байланыстар.

2016 ж. 4-6 мамыр аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Жайылғанова «Парламенттегі әйелдер» ғаламдық форумының жұмысына қатысу шеңберінде Амман қаласына сапар шекті. Сапар шеңберінде ол Иордания Парламенті Төменгі Палатасының төрағасы Атеф Тараунамен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

2016 ж. 29 тамызда Астана қаласында Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығына және ядросыз әлем перспективаларына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты Халықаралық конференцияға Иордания Парламенті Сенатының депутаттары Салуа Дамен әл-Масри, Хасан Абу Нимах, Ауад әл Масағид және Ясин әл Хусбан қатысты. Сонымен қатар аталған делегация сапар барысында ҚР Парламенті Сенатының жұмысымен танысты.

Үкімет Басшылары деңгейіндегі іс-шаралар:

2016 ж. 16 маусымда ҚР Премьер-министрі К.Мәсімов Иордания Премьер-министрі Хани Мульқи арасында телефон арқылы сұхбаты өтті. Әңгіме барысында ҚР Премьер-министрі Хани Мульқины Иордания Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен және үкіметтің жаңа құрамының жасақталуымен құттықтады. Екі ел Үкімет басшылары сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың басымды бағыттары төңірегінде пікір алысты.

2016 ж. 7-8 қыркүйекте Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов және Иордания Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия, сауда және жабдықтау министрі Джауад Ананидің жетекшілігімен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 5-отырысы және Іскерлік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Сыртқы істер министрліктері арасындағы байланыстар

2016 ж. 19 қазанда Ташкентте өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше-елдер сыртқы істер министрлері конференциясының барысында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Иордания вице-премьері – Сырты және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Н.Джудамен кездесті.

Мүдделі министрліктер мен ведомстволар арасындағы байланыстар.

2016 ж. 24 ақпанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е.Көшербаевтың Иордан Хашимит Корольдігіне жұмыс сапары өткізілді. Сапар шеңберінде Е.Көшербаев Иорданияның ауыл шаруашылығы министрі Акеф аль-Зубимен екіжақты кездесу өткізіп, иордан тарапының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Жарғысына қосылуы, сондай-ақ АҚИҰ Бас Ассамблеясының құрылтайлық сессиясы мен Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ИЫҰ министрлерінің 7-ші конференциясына қатысу мүмкіндігі талқыланды.

2016 ж. 24-25 ақпан аралығында Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылардың екінші жиынына Иорданияның Инвестициялық комиссиясы төрағасының кеңесшісі Башар Хасауна және Экспортты ынталандыру департаментінің директоры Ғайс Бакри қатысты.

2017 жылғы 11-13 қаңтар аралығында Хашимит Корольдігінің Инвестиция комитетінің Бас хатшысы, «Astana Expo-2017» көрмесінің иордан тарапынан тағайындалған Комиссары Мұхаллад әл-Омари бастаған делегация Қазақстанға сапармен барды. Сапар барысында Иорданияның аталған көрмеге қатысуы туралы келісім-шартқа қол қойды.

2016 ж. 26-28 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ АҚИҰ) Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы мен ИЫҰ Ауыл шаруашылығы министрлерінің 7-ші конференциясына Иорданияның Ауыл шаруашылығын кредиттеу корпорациясының бас директоры Мұхаммед аль-Хайари қатысты.

2016 ж. 30-31 тамыз аралығында Иордания Конституциялық Сотының мүшелері Ахмад Тбайшад, Мохаммад Ғазуй және Корольдіктің Сот Президенті Кеңесінің директоры Ахмад әл-Джамаль Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Роговтың шақыруымен Астана қаласында халықаралық конференцияға қатысты. Сапар барысында Иордандық делегация ҚР Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Роговпен кездесу өткізіп, еліміздің құқықтық саясатының негізгі бағыттарымен танысты. Сонымен қатар, Иордания Конституциялық Сотының мүшесі А.Тбайшад ҚР Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Роговты 2017 жылдың ішінде Иордания Корольдігіне ресми сапарын жасауға шақырды. Аталған шақыруға орай И.Рогов ресми сапармен келетінін растады.

Әскери-техникалық және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық

2016 ж. 24-25 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетовтың Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары өткізілді. Сапар шеңберінде И.Тасмағамбетов Иордания Королі Абдалла II-мен, болмыш елдің Премьер-Министрі – Қорғаныс министрі А.Нсурмен, Қарулы Күштерінің Штабтар бастықтары Біріккен комитетінің төрағасы генерал Машал әл-Забенмен, Амман қаласының мэры А.Белтажимен екіжақты кездесулер өткізді. Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иордания арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

2016 ж. 2-6 мамыр аралығында Иорданияда өткен «Жауынгер-2015» («Warrior-2016») арнаулы күштердің кезекті 8-ші халықаралық жарыстарына Қазақстан Қарулы күштерінің арнайы топтары қатысып, еліміздің құрама командалары жүлделі орындарға ие болды.

2016 ж. 8-11 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник С.Жасұзақов бастаған қазақстандық делегациясының Иордан Хашимит Корольдігіне жұмыс сапары өткізілді. Сапар шеңберінде С.Жасұзақов «SOFEX-2016» арнайы күштерге арналған халықаралық көрмеге қатысып, Иордания Қарулы Күштерінің Штабтар бастықтары Біріккен комитетінің төрағасы генерал Машал әл-Забенмен екіжақты кездесу өткізіп, екі елдің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

2016 ж. 1-5 маусым аралығында Иордания Қарулы күштерінің делегациясы Астана қаласында «KADEX-2016» халықаралық әскери көрмесіне қатысты.

2016 ж. 12-13 қазанда ҚР ҰҚК Төрағасы К.Мәсімов бастаған делегация Амманға жұмыс сапары өткізілді, тараптар мүдделі екіжақты мәселелерге қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мәдени-гуманитарлық қатынастар

2016 жылғы 19-30 тамыз аралығында Халықаралық бейбітшілік пен әйелдер ұйымының Елшісі және Елбасының Ядролық қаруды жою туралы бастамасына қатысты кітаптың авторы Мона Махамренің Алматы мен Астана қалаларына іс-сапары ұйымдастырылды.

Сапар барысында М.Махамре кітапқа қатысты материалдар жинап бірқатар кездесулерге қатысты.

Сонымен қатар, М.Махамре Астана қаласында Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығына және ядросыз әлем перспективаларына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

2016 ж. 5-11 қыркүйек аралығында «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты үшінші халықаралық байқауда Таяу Шығыс және Африка елдері арасынан бас жүлдеге қол жеткізген Иорданиялық «Jordan Times» атты газетінің журналисті Мухаммед Ғазалдың Астана мен Алматы қалаларына «пресс-тур» шеңберінде сапары ұйымдастырылды.

2016 ж. 28 қыркүйекте ҚР Елшісі А.Бердібай 2016-2017 жылдар аралығындағы Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы Гаага тәртіп кодексіне төрағалығы шеңберінде және оған қатысты бекітілген жоспарының үшінші тармақшасын орындау мақсатында Иорданияның Амман қаласында өткенГаага тәртіп кодексінің мүше емес Таяу Шығыс мемлекеттеріне арналған «аутрич» семинарына қатысты.

Семинардың ашылу рәсімінде А.Бердібай өз сөзінде, Қазақстанның Гаага тәртіп кодексіне төрағалығы шеңберінде оңтайландыру әрекеті жолындағы басым бағыттардың бірі болып табылатындығын атап өтіп, Қазақстан Республикасы аталған кодексті жаппай жою қаруларын таратпау мен оны жеткізу құралдарын халықаралық тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрамы ретінде қарастыратынын жеткізді.

Сонымен қатар, жиын барысында Қазақстан тарапынан ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі Н.Урмантаев пен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті Халықаралық ғарыш құқығы басқармасының бас сарапшысы Қ.Ахметова баяндама жасады.

Спорт саласындағы қатынастар

2016 ж. 25-27 қарашада Тараз қаласында Д.Қонаев атында еркін күрестен халықаралық жарыста Иорданияның күрес федерациясының халықаралық дәрежелі төрешілері М.Ямус, Н.Алоуш, К.Масри және М.Хасан қатысты.

Білім және ғылым саласындағы байланыстар

2016 ж. 17 шілде-18 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің студенті Динара Арыстанбекова Иорданияның Ирбид қаласындағы Ғылым және технология университетіне екі жоғары оқу орындарының меморандумына сәйкес студенттер алмасу программасымен араб тілін оқуға келді.

2016 ж. 8 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ның Шығыстану факультетінің студенті Айдана Қожабекова Иордания университетіне екі жоғары оқу орындарының меморандумына сәйкес студенттер алмасу программасымен араб тілін оқуға келді.

Қосылған : 4.12.2013, 11:05, Өзгертілген : 10.03.2016, 15:28