Қазақстан Республикасы мен Эквадор Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан мен Эквадор дипломатиялық қатынастары 2012 жылдың 23 қаңтарда орнатылды.

Қазақстандағы Эквадордың Елшісі қызметін қоса атқарушы (Мәскеу қ. резиденциясымен) Хулио Сезар Прадо Эспиноза (2018 ж. бастап) болып табылады.

Екіжақты байланыстар жоғары дәрежедегі кездесулерді өткізу арқылы жүзеге асырылады. БҰҰ 68-ші Бас ассамблеясы шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Эквадор Сыртқы істер министрі Р.Патиньоның кездесуі өтті (25 қыркүйек 2013 ж.). Эквадор Сыртқы істер министрі Р. Патиньоның Астана қаласына ресми сапары 2014 ж. 4-6 шілдеде өткізілді.

Қазақстандық-эквадорлық ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізі саяси консультациялар және визалық салаларында қол қойылған құжаттардан тұрады.

Екіжақты тауар айналымының көлемі 2018 ж. шамамен 32 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,7 млн. АҚШ долл., импорт – 30,3 млн. АҚШ долл.).

Қосылған : 22.08.2014, 14:20, Өзгертілген : 12.02.2018, 13:55