Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 1948 жылы құрылды.

Штаб-пәтері Парижде (Франция) орналасқан.

2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бас хатшысы - Хосе Анхель Гурриа Тревиньо.

ЭЫДҰ мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған келісілген саясат.

ЭЫДҰ 36 елден тұрады.

ЭЫДҰ елдері әлемдік ЖІӨ-нің 60% құрайды.

ЭЫДҰ қатысушылардың санын көбейту саясатын ұстанады.
Латвия ЭЫДҰ-ға 2016 жылы, ал Литва мен Колумбия 2018 жылы қосылды.

ЭЫДҰ-ның басты басқару органы ЭЫДҰ кеңесі. Оның құрамына әр елден 1 өкіл, сондай-ақ Еуропалық Комиссияның 1 өкілі кіреді. Кеңесті Бас хатшы - Анхель Гурриа басқарады.

Қазақстан ЭЫДҰ-мен 2008 жылдан бастап, Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропаның 13 мемлекетін қамтитын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясында ынтымақтасады.

2017 жылғы маусымда Қазақстан ресми түрде ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің "ассоциацияланған мүшесі" болды.

Сондай-ақ, Қазақстан ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар және трансұлттық кәсіпорындар туралы декларациясына қосылған 48-ші ел болды.

Қазақстанның ЭЫДҰ Инвестициялық комитетіне кіруі және Декларацияға қосылуы Қазақстанның халықаралық инвестициялар үшін әділ және траспарентті орта ұсынуға деген ұмтылысын айғақтайды.

ЭЫДҰ сарапшыларымен бірге Қазақстанның инвестициялық саясатына екі шолу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді. Бірінші шолу 2011-2012 жылдары, екінші шолу 2015-2017 жылдары жүргізілген.

Қосылған : 6.06.2019, 18:55, Өзгертілген : 6.06.2019, 18:55