Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы қатынастар


Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 22 қаңтарында орнатылды.

1997 жылдың мамыр айында Ұлан-Батырда Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы ашылды.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 2 желтоқсандағы Жарғысымен (2007 ж. 1 қаңтарда күшіне енді) ҚР-дың Моңғолиядағы Дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі болып өзгертілді.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі Жарғысына сәйкес Қобландин Қалыбек Ибраимұлы Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Моңғолияның Елшілігі Қазақстанда 1992 жылдың қыркүйекте ашылды.

2017 жылдың сәуірінен бастап Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулга болып тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық

1993 ж. қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Моңғолияға ресми сапармен болып келді.

1998 ж. Моңғолия Президенті Н.Багабандидің Қазақстанға, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға сапарлары өтті.

2007 ж. 14-15 тамызда Моңғолия Президенті Н.Энхбаярдың Қазақстанға алғаш мемлекеттік сапары және 2008 ж. 6-7 тамызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары өтті.

Саяси диалогтың дамуына төмендегі ресми сапарлар септігін тигізді:

Қазақстан тарапынан - Премьер-Министрдің (1992 ж. қазан, 2016 ж. шілде), вице-Премьер-Министрдің (1997 ж. шілде), Мемлекеттік хатшының (2005 ж. маусым), Сыртқы істер министрінің (2006 ж. қараша) сапарлары;

Моңғол тарапынан - Премьер-министрдің (1994 ж. желтоқсан), Президент Әкімшілігі басшысының (2000 ж. ақпан), Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының (2000 ж. қараша) АӨСШК саммитіне (2006 ж. маусым) және ЭСКАТО (2007 ж. мамыр) жұмысына қатысу үшін вице-премьердің сапарлары.

Моңғолия Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы күш-жігерін қолдайды және АӨСШК үдерісінің толыққанды мүшесі болып табылады.

Ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізі. 1991 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан және Моңғолия арасында 40-тан астам екіжақты келісімдер мен шарттарға қол қойылды.

Парламентаралық ынтымақтастық. 2002 ж. тамыз айында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары Моңғолияға, ал 2003 ж. желтоқсанда Моңғолия Ұлттық мемлекеттік хуралының (әрі қарай - ҰМХ) төрағасы басшылық еткен парламенттік делегация Қазақстанға сапарлары өтті. Нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен Моңғолия ҰМХ арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

2013 ж. 27-29 қазанда депутат Ш.Өтемісов бастаған ҚР Парламентіның делегациясы Моңғолияға сапар шекті. Сапар барысында делегация Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шарттың 20-жылдығына арналған «Дөңгелек үстелге» қатысты.

2014 ж. 18-22 қазанда ҚР Парламенті Сенатының депутаты М.Бақтиярұлы басқарған делегация Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына іссапармен барып, аймақ басшылығымен кездесті және Халықаралық мектептің ашылу рәсіміне қатысты.

2015 ж. 23-24 ақпанда Тұрақты комитеттің Төрағасы А.Бакей, А.Тлейхан, Ц.Оюунбаатар және Я.Санчмятав депутатарынан құрылған Моңғолия ҰМХ «Моңғолия-Қазақстан» достық тобы Қазақстанға келіп қайтты.

2015 ж. 16 қыркүйекте ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күздік сессиясы шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы И.Адырбековтың басшылығымен қазақстандық делегация Ұлан-Батырға сапар шекті. Іс-шара аясында ҚР делегациясы Моңғолия ҰМХ Төрағасы З.Энхболдпен, Вице-спикер Л.Цокпен және ҰМХ қауіпсіздік пен сыртқы саясат жөніндегі тұрақты комитетінің Төрағасы Ж.Энхбаярмен кездесті.

2016 ж. 21-22 сәуір аралығында Ұлан-Батыр қаласында өткен «Азия-Еуропа» парламентаралық форумның 9-отырысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қ.Ищанов пен А.Мұсаханов қатысты. отандық депутаттар бірқатар кездесулер өткізді. Форум аясында қазақстандық депутаттарының Моңғолия парламентінің вице-спикері М.Энхболдпен кездесуі барысында тараптар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің келешегін талқылады.

2016 ж. 14-15 шілде аралығында Ұлан-Батыр қаласында өткен «Азия-Еуропа» Форумының (АСЕМ) 11-Саммиті аясында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың Моңғолияға жұмыс сапары өтті. 14 шілдеде ҚР Үкімет басшысы Баян-Өлгей аймағына сапармен барып, жергілікті қазақ қандастармен кездесті (90 мыңнан астам адам). Бұл орайда 2016 ж. 10 шілдеде аталған аймақта орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге 200 мың АҚШ. долл. көлемінде гуманитарлық қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, өткен Саммит аясында К.Мәсімов Моңғолия Президенті Ц.Элбэгдоржбен және Премьер-Министрі Ж.Эрдэнэбатпен кездесті.

2016 ж. 28-29 тамызда Моңғолияның тұңғыш Президенті, Моңғол тау-кен ассоциациясының құрметті президенті П.Очирбат Астана қаласында өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференцияға қатысты.

2017 ж. 25 қараша – 1 желтоқсан аралығында Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай «Жаңа жаһандық нақты ахуалдағы жаңғыртудың қазақстандық моделі» тақырыбындағы халықаралық парламенттік конференция жұмысына қатысу мақсатында Моңғолия Ұлы мемлекеттік хуралының мүшесі және Қазақстан-Моңғолия парламенттік топтың төрағасы Дакейн Мұрат Астанаға сапар шекті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 2017 ж. қаңтар-қараша аралығында 68,2 млн. АҚШ доллар құрады. Бұл 2016 ж. ұқсас мерзімінің көрсеткішінен (72,1 млн. АҚШ доллар) 5,5% төмен. Қазақстанның Моңғолияға экспорты 66,4 млн. АҚШ долларын құраса, импорт – 1,8 млн. АҚШ долларына жетті.

Қазақстан экспортының негізгі тауарлары: құрамында темекі бар шылым, санитарлы-гигиеналық бұйымдар, жуғыш және тазартқыш құралдар, бидай немесе қарабидай ұны, басқа тамақ өнімдері, мұнай өнімдері және т.б.

Қазақстан импортының негізгі тауарлары: жануар және өсімдіктен алынған өнімдер, тоқыма және тоқыма бұйымдары, ағаш, ағаш материалдары мен целлюлоза-қағаз бұйымдары және т.б.

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (бұдан әрі- ҮАК) жұмыс атқарады. ҮАК-тың 7-отырысы 2018 ж. 29-30 наурызда Астана қаласында өтеді.

Жыл сайын (қазан-қараша) Ұлан-Батырда екі ел іскер топтарының қатысуымен өтетін «Kazakh Invest» АҚ ұйымдастыратын «Сауда миссия» атты бизнес-форумның өткізілуі жақсы дәстүрге айналды.

2015 ж. 26 мамырда ҚР Премеьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев бастаған қазақстандық делегация Моңғолияға сапар шекті. Сапар барысында Б.Сағынтаев Моңғолия Президенті Ц.Элбэгдоржбен, Премьер-Министрі Ч.Сайханбилэгпен және Вице-Премьер-Министрі У.Хурэлсухпен кездесті.

2015 ж. 22 желтоқсанда Ұлан-Батыр қаласында «Экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі «KAZNEX INVEST» АҚ мен Моңғолияның «Invest Mongolia Agency» инвестициялық агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

2017 ж. 8-10 маусымда ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысу аясында Моңғолияның бұрынғы президенті Ц.Эльбегдорждың Астанаға жұмыс сапары өтті.

2017 ж. 14-15 тамызда Баян-Өлгей аймағының губернаторы бастаған моңғол делегациясының Шығыс Қазақстан обласына сапары өтті. Облыс әкімі Д.Ахметовпен кездесу барысында тараптар Шығыс Қазақстан облысы мен Баян-Өлгей аймағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мәдени-гуманитарлық байланыс

Білім саласындағы үкіметаралық келісім бойынша жыл сайын екі елдің жоғарғы оқу орындары арасында студенттер алмасуы жүргізіледі (2017 ж. Моңғолияның 12 азаматы қазақстандық жоғарғы оқу орындарына жолданған болатын).

Қазақстан Республикасының және Моңғолияның Білім министрліктері 2001 жылы Өлгей қаласында (Баян-Өлгей аймағының орталығы) жыл сайын Моңғолияның азаматтарына 25 грант берілетін Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (ШҚМУ) филиалын ашты.

Жыл сайын Моңғолияда «Наурыз мейрамын» мерекелеу шаралар өткізіліп, оған Моңғолияның басшылығы қатысады.

2009 ж. 27 маусымда Ұлан-Батырда Моңғолиядағы қазақтардың І-Құрылтайы өтті. 2013 ж. 2-6 шілдеде Ұлан-Батырда Моңғолиядағы қазақстардың ІІІ- кіші Құрылтайы өтті, оның шеңберінде елдегі қазақ диаспоры өкілдерінің өмірлік іс-әрекетінің өзекті мәселелеріне арналған «Дөңгелек үстел» мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

2010 ж. 11-13 қарашада Астанада Қазақстандағы Моңғолияның мәдениет күндері өтті.

2015 ж. 15 мамырда Моңғолия Ғылым Академиясы жанындағы Халықаралық қатынастар институтында Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары, Моңғолияның ғылыми зерттеу және білім мекемелерінің және сараптама орталықтарының сарапшылары қатысты.

2015 ж. 30 маусымда Моңғолия академигі және профессоры М.Шагдарсурэнсен моңғол тіліне аударған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өткізілді. 2015 ж. қарашада А.Құнанбаевтың 170-жылдық мерейтойы шеңберінде «Қара сөздер» кітабының таныстырылымы өтті.

2016 ж. 24 желтоқсанда Ұлан-Батырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту аясында шығарылған «Моңғолия қазақтары» кітабының тұсаукесері өтті.

Халықаралық Түркі Академиясының (TWESCO) Моңғолиямен тығыз байланысы орнатылды. 2016-2017 жж. археология саласындағы ғылыми зерттеулер мен ғылыми археологиялық қазбаларды жүргізу саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. 2016 ж. тамызда TWESCO өкілдері «Ұлы Дала» жобасы аясында тарихи және археологиялық экспедицияға қатысты.

Моңғол тарапы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының жұмысына белсенді қатысады. 2016-2017 жж. Моңғолияның Дүниежүзілік буддистер одағының хатшысы Х.Бямбяджав Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XV және XVI отырыстарын, сондай-ақ «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Екі елдің спортшылары Қазақстан мен Моңғолия аумағында өтетін халықаралық жарыстарға (бокс, күрес, дзюдо, шахмат және т.б.) тұрақты негізде қатысады.

Қосылған : 24.01.2018, 17:35, Өзгертілген : 24.01.2018, 17:35