Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 25 маусым - Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғызстан СІМ басшысы Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында тараптар экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылап, бұл бағыттағы одан әрі нақты шаралар бойынша пікір алмасты. Осы тұрғыда екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары алдағы жоғары деңгейдегі сапардың мәселелерін талқылады.

Ч. Айдарбеков Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты өз әріптесіне қолдау білдірді.

Қосылған : 26.06.2019, 09:00, Өзгертілген : 26.06.2019, 09:00