Сомалидегі жағдай Қазақстанның төрағалығымен өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің брифингінде талқыланды

Нью-Йорк, 2018 жылғы 24 қаңтар - Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сомалидегі жағдай бойынша брифинг өтті.

Бас хатшының Сомалидегі Арнайы өкілі Майкл Китинг және Африка одағы Комиссарының Арнайы өкілі Франциско Мадейра негізгі баяндамашылар болды.

Спикерлер Сомалидің жаңа федералдық билігінің халықаралық қоғамдастықтың көмегімен қол жеткізген жетістіктері туралы хабардар етті. Осылайша, ағымдағы қиындықтарға қарамастан, қаржылық реформаны жүргізу, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты саяси процеске қатыстыру, қақтығысты шешу және қауіпсіздік секторын реформалауды көздейтін ұлттық күн тәртібі әзірленді. Саясатты қайта құру және орталық үкімет (Сомали Үкіметі) пен жергілікті биліктің өзара іс-қимылдың күшейту, сондай-ақ күрделі гуманитарлық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.

Спикерлер «Аш-Шабаб» террористік тобы елде бейбітшілік орнату мен егемендікті нығайтуға нұқсан келтіріп, елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндігін атап өтті. Сомали азаматтары үшін бірқатар күрделі саяси, гуманитарлық, сондай-ақ қауіпсіздік мәселелері туындайтындығы атап өтілді. Осыған орай, баяндамашылар елдегі прогресске үлес қосқан Сомалидағы Африка одағының миссиясы, ұлттық қауіпсіздік күштері мен халықаралық әріптестерінің рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, арнайы өкілдер Кеңеске өткен жылы Сомалидегі аштыққа жол берілмегендігін хабарлады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта құрғақшылықтың салдарынан гуманитарлық жағдайдың нашарлауы байқалады.

Брифингтен кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері өз баяндамаларында ұлттық қауіпсіздіктің жүзеге асырылуын жеделдету және жауапкершіліктің Сомалидегі Африка одағы миссиясынан елдегі ұлттық қауіпсіздік күштеріне біртіндеп көшу маңыздылығын растады.

Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Кеңес мүшелерімен бірге Сомалидің экономикалық және саяси реформаларын және қауіпсіздік саясат айнымастығын құптады, сондай-ақ Сомали үкіметін Конституциялық шолу, сайлау, бюджеттік федерализм және билік пен ресурстарды үйлестіру сияқты негізгі мәселелер бойынша прогреске қол жеткізу үшін федерация субъектілерімен жоғары деңгейдегі диалогпен қамтамасыз етуге шақырды.

Сомалиде аштық қаупіне байланысты миллиондаған адамдардың әсіресе, балалар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар осалдығының жалғасуына алаңдатушылық білдірді, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету жоспарына елеулі қолдау көрсету қажеттілігі анықталды.

Қосылған : 25.01.2018, 16:20, Өзгертілген : 25.01.2018, 16:20